«Қостанай таңының» оқырмандарына арналған ұтыс ойынынан қостанайлық азамат Жарас Қойшыбаевтың қой еншілегенін бұған дейін хабарлаған едік. Бүгін редакциямызға осы ұтыс иегері Жарас Қойшыбаевтың бауыры Алтай Есебаев келді. «Қостанай таңы» газетін бұрыннан бері жаздырып алып тұратынын айтады.
– Газет қызықты әрі тартымды. Облыста не болып жатқанын оқып отырамыз. Ұйымның бұл бастамасына өте ризамыз, осылай ақпарат айдынында өркендей берсін, – дейді Алтай Есебаев.
Ұтыс иегеріне «Қостанай таңы» газетінің директор-бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы арнайы алғыс хатты табыс етті. Қойды сыйға тартқан Аманкелді ауданының кәсіпкерінен калаған уақытында алуға мүмкіндігі бар.