Келесі жылдан бастап ҰБТ-ға қаламсап алып кіруге тыйым салынады

Келесі жылдан бастап ҰБТ-ға қаламсап алып кіруге тыйым салынады

Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде болатын тағы бір жаңашылдықты жария етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат

Келесі жылдан баста ҰБТ-да ереже бұзудың алдын алу мақсатында талапкерлерге тестілеуге қаламсап әкелуге рұқсат етілмейді.

Тестілеуге тек жеке куәлікпен кіргізеді. Сондай-ақ өзіңізбен су және шоколад алып кірсеңіз болады.

Айта кетейік, қалам мен қағазды тек тестілеу әкімшілері (кезекшілер) береді.

Еске сала кетейік, мұның алдында Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудегі шекті балмен таныстырған еді.

Жаңалықтармен бөлісу