Кәсіподақ өкілдері төл мерекелерін атап өтуде

Кәсіподақ өкілдері төл мерекелерін атап өтуде

Қостанайда кәсіподақтар күні қарсаңында  салатанатты жиыны өтіп жатыр.

Іс-шарада кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, марапаттар ұсынылатын болады.  Солардың бірегейі Балбөпе Ғалымжанқызы 1981 жылдан агроөнеркәсіп кешен кәсіподағынының облыстық комитетінде ұзақ жыл тер төкті. 1990 жылы облыстық кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары. 1999 жылы төрайымы болып сайланды. Жалпы еңбек өтілінің 34 жылын осы салаға арнаған жан.

Римма Ғайсенова мемлекеттік банк жүйесінің кәсіподағында еңбек етті. 13 жыл ішінде позитивті қайраткерлердің басын біріктірді.

Светлана Хорошилова болса, бір мекемеде қырық жылға жуық кәсіподақ көшбасшысы бола білді.

Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін Әбубәкір Сүлейменов облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. ол 1978 жылдан осы салада еңбек етіп келеді. Денисов ауданы Баталов кеңшарының кәсіподақ ұйымынан, ауыл шаруашылығы саласының республкалық кәсіподағын басқарған тұлға. Осы секілді қайраткерлермен қатар,  саланың қазіргі көшбасшылары мен үздік мамандары марапатқа ұсынылды.

Жиында кәсіподақ федерациясы облыстық  филиалының төрайымы Ирина Аронова сала мамандарының табыс үлесі жыл өткен  сайын артып келе жатқанын тілге тиек етті.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Суретті түсірген Б.Ахметбеков

Жаңалықтармен бөлісу