Халық ақынының таңдауы

Халық ақынының таңдауы

Бүгінгі ҚР Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстанның халық ақыны, Халық ағарту ісінің үздігі, Қостанай облысының Құрметті азаматы Әсия Беркенова №855 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бұл саяси науқанда еліміздің әр азаматы өз таңдауын жасап, дауыс беруге құқылы әрі міндетті. Осы жолғы сайлаудың ерекшелігі – жалпы партиялық тізімнен өзге, жеке үміткерлер додаға қатысқандығы. Әсіресе, жастар арасынан кандидат болып тіркелгендер санының көптігін бетбұрысқа апарар жол деп түсіндім. Істі сөзбен суреттеп тындырып тастауға болады, бірақ сөзді іске айналдыра білу үлкен жауапкершілік. Сол себепті, өзім сенім артқан партия мен жеке үміткерлерге дауысымды бердім. Әр партияның мемлекетіміздің даму жолына, елдің алға басуына, гүлденуіне, бабалар аманатына адал болуға арнаған мақсатты бағдарламалары бар. Ең бастысы, әділетті Қазақстанға бет алуымыз – жаңа Қазақстанды құрғанымыз деп білемін. Менің ұстанымым да осы», – деді Әсия Әйіпқызы.

Қ.ҚИЫСХАН,

Суретті түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ.

Жаңалықтармен бөлісу