14 мая, 2025
Ғасыр жасаған ақсақал Наурыз-бата берді

Ғасыр жасаған ақсақал Наурыз-бата берді

«Наурызнама» онкүндігінің бүгінгі атрибуты «Шаңырақ» аталады. Бұл күні отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған іс-шаралар легі жер-жерде өтіп жатыр. Мейрамның осы нышанды күніне орай, қостанайлық абыз ақсақал, майдангер, жыршы-термеші, ардагер журналист Қасымхан ата Алдабергенов халыққа Наурыз батасын берді. Кеудесі қазыналы, ауызы дуалы, сөзі уәлі, жүз жасаған сүйегі асыл қарияның ақжарма батасына қол жайып, «әумин» десейік, құрметті оқырман!

https://youtu.be/jOjWtpvmDVA