Финалда Абылайханды тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды

Финалда Абылайханды тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды

Қазақстан бокс федерациясының наразылық хаты нәтижесінде 71 келідегі финалдық жекпе-жек қайта қаралды.

Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе-жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны хабарланды. Шаршы алаңдағы төреші Джована Угренович (Сербия) бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етілді. Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар көрсетілген. Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары бастапқы шешімді өзгертіп, Абылайхан Жүсіповті чемпион деп таныды.

Өзбекстандық боксшы белгілі бір мерзімге жарыстардан шеттетілетін болды.

Жаңалықтармен бөлісу