Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебі Физика-математика бөлімінің 9-сынып оқушысы Андрей Енбахтов Қазақстан құрама қомандасы сапында EGeo халықаралық олимпиадасына қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді.
Ол осы жылы республикалық олимпиада да георграфия пәнінен алғашқы алтын медальді жеңіп алған болатын. Жетекшісі – география пәнінің мұғалімі Алмас Сәдуақасов.
“Оқушымының республикадан да, Еуропадан да алтын жеңіп алғанына қуаныштымын. Енді бір ай демалып, қайтадан оқу-жаттығу жиындарына барады. Болашақта IGeo халықаралық олипиадасына дайындаламыз”, – дейді Алмас Сәдуақасов.
Осылайша, Сербия Республикасының Копаоник қаласында географиядан Еуропалық олимпиада EGeO аяқталып, Қазақстан құрамасы алты медаль жеңді. Олимпиадаға әлемнің 11 елінен 104 оқушы қатысқан.