Қостанай облысында 16 жастағы есірткі тасымалдаушы қолға түсті.
Күдіктіні тінту кезінде қалтасынан “синтетика” салынған 25 орама табылды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу жұмысын белсенді түрде жүргізіп жатқанын айтады. Бұл шараға мұғалімдер, дәрігерлер және еріктілер жұмылдырылған. Биыл 10 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізіліп, оған 714 мыңнан астам жасөспірім қатысқан. Жастардың есірткі айналымына тартылуы – алаңдататын жағдай.
– Есірткі айналымымен күрес виртуалды кеңістікте де жүргізілуде, онда биыл үш мыңнан астам есірткі сайты бұғатталды. Сондай-ақ ІІМ қызметкерлері мен еріктілер күн сайын көшелерде есірткі жарнамаларын өшіруде. Алдын алу жұмыстары өте маңызды. Салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бес мыңға жуық профилактикалық дәріс өткізілді, – дейді ІІМ қызметкерлері.