Бүгін Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтап, өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды.
Күдікті қылмысты осыдан үш жыл бұрын елордада жасаған. Содан кейін қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторында. Осы жасаған қылмысы үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.