Менің атамның жасы 85- те. Атамның: «Менің әкем қарғыс атқыр соғыстың салдарынан оралмады.
Анамның ыстық алақанын сезбей, баласына деген аналық жүрегін, аналық махаббатын, баласына деген мейірімін «қозым, құлыным, ботам» деп айналған сөзін естімей өстім», – деген өкінішті, уайымды сөзін естіп, қайран қалам, ана деген ең құдыретті күш екенің, ең қымбат, ең аяулы, ең асыл жан екенің ұқтым.
Менің анам 2022 жылы 17 маусымда жарық дүниеге өзінің үшінші сәбиін бауырына қысып, әлдилеп «қошақаным, құлыным» деп айналып, толғанып, еміреніп, «жаным, күнім» деп, өзінің бар ыстық сезімін төгіп, жүрегінің елжірегенін көріп, сезіп, ананың балаға деген махаббатын түсіндім.
Осыдан кейін ойландым. Қарындасым Аяжан екеуімізді де дәл осылай өсірген екен ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, жылағанымызға да, ауырғанымызға да төзіп, бізге аналық махаббатын төгіп, аналық таза жүрегімен, бар ықыласымен осы жасымызға жеткізгеніне алғысым шексіз.
Ендігі жерде анама деген балалалық махаббатымды, анама деген бар ықыласымды, қамқорлығымды анама арнаймын деп шештім.
Менің кішкентай қошақан інімнің аты – Бекарыс. Ол бір жарым жаста. Сол інімді өзім тәрбиелеп, өзім бағып-қағып, ойнатып, анама салмақ түсірмей, өз қамқорлығыма алдым. Арқалап мойыныма мінгізіп, түрлі ойыншықтармен ойнатып, әр нәрсеге үйретіп жүрмін.
Анам қонаққа бара қалса, бір шаруасымен бір жаққа баратын болса, сәбиіне алаңдамай, уайымдамай, маған сеніп, тастап кете береді. Одан басқа анам істейтін жұмыстар: шаңсорғышпен үйдің шаңын сорғызу, дымқыл шүберекпен еденді сүрту, терезелерді ашып, үйдің ауасын тазарту, ойыншықтарды, аяқ- киімдерді орын-орындарына қою сияқты жұмыстарды анама айтқызбай-ақ күнде орындап жүремін. Анам маған риза, мен анама ризамын.
Мен 2010 жылы қаңтардың 31 күні жарық дүниенің есігін ашқанмын. Қазір жасым толық 14 те. Әулиекөл ауданының Шоқан Уалиханов атындағы қазақ мектебінің 8-сынып оқушысымын. Сабақтан тыс уақытта футбол үйірмесіне қатысамын. Бұдан басқа өзімнің айналысатын ісім бар. « LEGO» құрастырмалы ойыншықтарын құрастырып, оларды қозғалысқа түсіріп, жан бітіріп, мультфильм түсіремін. Осы саладағы сайыстарға қатысып аудан, облыс көлеміндегі ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Мақтау қағаздарымен марапатталып, Алғыс хаттар да алдым. Тіпті Астанадан «Хабар 24» телеарнасынан келіп, мен туралы репортаж түсірді.
Менің осы ісіме анамның да көмегі мол. Анам информатика маманы болғандықтан, маған компьютердің қыр-сырын үйретіп, өз жетекшілігіне алып, қолдау көрсетіп отырады.
Анам барда біз: мен, Аяжан, Бекарыс үшеуміз бақыттымыз. Біз барда анамыз да бақытты. Анам әрқашан аман-сау, қасымызда болып, бізді өсіріп, жеткізіп, қызығымызды көрсе екен деп армандаймын.
Анашым! Сен барда бақыттымын!
Мен барда сен де бақыттысың.
Асыл анам! Жүрегің мен деп елжіреген!
Менің де жүрегім сен деп елжірейді.
Бекасыл Бекзатұлы Коккинаки