Бүгін Астанада VII Astana Media Week 2023 медиа форумы басталды. Дәстүрлі, кең ауқымды іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған.
Форумға Қазақстанның барлық өңірінен ақпарат саласының мамандары жиылды.
Спикерлер ретінде Ресей, Түркия, Қырғызстан елдерінен де қонақтар шақырылған. Форумның алғашқы күні Контент-маркеттен басталып, пленарлық отырыс, пленарлық сессиялармен жалғасын тапты.
Форум Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның ондайн-құттықтауымен ашылды. Бұдан соң шетелдік мамандардың қатысуымен өткен пленарлық отырыста “Цифрлық жауапкершілік және масс-медиа қауіпсіздігі: сын-қатерлер, реттеушілер, заңдар мен бастамалар” тақырыбы қаузалды. Бүгін қатысушылар үшін Media talks, Питчингтер, Авторлық шеберлік сабақтары өткізілмек.
Жалпы, форум 20-22 қыркүйек күндері аралығында өтеді. Үш күн аясында 20-дан астам іс-шара ұйымдастырылады.
Жандос ЖҮСІПБЕК
Астана қаласы