Елордада “ИННОПРОМ.Қазақстан” халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады

Елордада “ИННОПРОМ.Қазақстан” халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады

Бүгін Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында “ИННОПРОМ.Қазақстан” халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өз жұмысын бастады. Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігі 12 000 шаршы метрден астам аумақта басым жобалар мен бағыттарды таныстырды. Екі елдің жетекші өнеркәсіптік және Инновациялық компаниялары өз экспозицияларын ұсынды. Көрмені ЕАЭО елдерінің ұлттық экспозициялары мен компаниялары толықтырды.

Көрменің негізгі тақырыптары көлік, авиациялық және энергетикалық машина жасау, станок жасау, химия өнеркәсібі, металлургия және т. б. негізделді.

«ИННОПРОМ Қазақстанның» негізгі сессиясында бір сахнада Қазақстан, Ресей, Беларусь және ЕАЭО елдерініңүкіметт басшыларын, сондай-ақ іскерлік қауымдастықтар мен өндірістік компаниялардың басшылары бас қосты. Бизнес пен билік өкілдері халықаралық кооперация туралы өзекті ойларын, сондай-ақ келешегі зор жаңа жобаларды ұсынды.

Іс-шара тарихында алғаш рет,пленарлық отырыстың спикері ретінде Қостанай облысының әкімі сөз сөйледі. Құмар Ақсақалов облысымызда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтып берді.

“Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, біз үшін өңдеу секторы басым бағытқа ие, мұнда біздің өңірдегі негізгі драйвері – машина жасау, негізгі өнімнің 60% осы салаға тиесілі.

Осы жылы  КИА автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы басталады. Осыған байланысты біз автокомпоненттерді өндіру бойынша ынтымақтастықты дамытуымыз керек.

Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бізге білікті кадрлар қажет. Облыста барлығы 6 жоғары оқу орны, сондай-ақ 33 колледжі бар, онда 17 мың студент оқиды, оның ішінде 4 мыңнан астамы-техникалық мамандықтар бойынша білім алуда. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кадрлар даярлау 20 колледжде 28 мамандық бойынша жүргізіледі, жалпы 6 мыңға жуық студент қамтылған.

Жалпы, осы салада жоспарланған жобаларды іске қосу қорытындысы бойынша 2025 жылға қарай 5 000 – ға жуық жұмыс орны құрылады”, – деп атап өтті облыс басшысы.

Қазақстандағы ИННОПРОМ көрмесі – билік пен бизнес өкілдерінеөнеркәсіптегі өз технологиялары мен инновацияларын таныстырудың, жаңа байланыс орнатудың, тәжірибе мен білім алмасудың бірегей мүмкіндігі топтасқан алаңға айналды.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу