Астанада «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның XI Азаматтық форумы басталды.
Жиынға ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер, БАҚ, мемлекеттік органдардан 600-ден астам делегат қатысып жатыр. Олардың қатарында облысымыздан 11 ҮЕҰ бар.
Форум жұмысы аясында конференция, дөңгелек үстел, пікірталас, форсайт – сессиялар мен көрмелері ұйымдастырылып, өткізіледі. Азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл, қоғамдық кеңестер институтын дамыту мәселелері талқыланады. ҮЕҰ өкілдері пікір алмасып, алдағы уақытта бірлескен қызмет үшін бірқатар ұсыныстар әзірлейді.