Елімізде қоғамдық кеңестегі азаматтық сектордың үлесі  86 пайызға жетті

Елімізде қоғамдық кеңестегі азаматтық сектордың үлесі 86 пайызға жетті

Қостанайдағы форумға Қазақстанның елшіліктері де қатысып, азаматтық секторға деген өздерінің көзқарасын білдірді. Еліміздің тәуелсіздігі қаланған кезден бұл сектор үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет арасындағы алтын көпір іспеттес. Бұл туралы форумда ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров айтып өтті.

 

«Бұл форум күні бүгінге дейін еліміздің әр өңірінде өткізіліп келеді. Алматы, Орал қалаларында осындай жиындар ұйымдастырылған болатын. Өңірлерден жиналған ұсыныстар алдағы қазан айындағы Қазақстан республикасының он бірінші Азаматтық форумында талқыланатын болады. Азаматтық банкті дамытуға үлестеріңіз зор. Президент өткен жылы үкіметтік емес ұйымдарға арналған  мемлекеттік гранттар, әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестік жөніндегі заңға қол қойды. Министрлік тарапынан үкіметтік ұйымдардың азаматтық секторының дамуына ыңғайлы мүмкіндіктер жасалуда. Үкіметтік емес ұйымдардың «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы сенатта да қаралып жатыр.  Қоғамдық бірлестіктер туралы» заң жобасы мәжіліске енді. Жалпы саны 258 Қоғамдық кеңестердің бар екенін ескерсек, олардың құрамындағы азаматтық сектродың үлесі 86 пайызға жетті. Қазіргі таңда осы секторға жастардың үлесін көбейту қолға алынып жатыр», – деді вице-министр.

Жаңалықтармен бөлісу