Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 2 күн ғана уақыт қалды. Париж Олимпиадасында 80 қазақстандық спортшы сынға түседі.
Алғашқы бәсекелер 25 шілдеде басталмақ. Татамидегі дзюдо бәсекелері 27 шілде күні басталады. Дәл осы Қазақстан құрамасы сапында Елдос Сметов (-60 кило) пен Абиба Әбужақынова (-48 кило) жүлде жолындағы күресін бастайды.
Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan ұлттық арнасы хабар тарататын болады.