Елдің барлық мектебінде буллингке қарсы бағдарлама пайда болады

Елдің барлық мектебінде буллингке қарсы бағдарлама пайда болады

Жаңа оқу жылынан бастап, Қазақстанның барлық мектебіне “Дос болайық” атты буллингке қарсы бағдарлама енгізіледі. Бұл туралы  BaigeNews.kz жазады.

Бұл жоба Финляндия елінің тәжірибесінен алынып отыр. Бұған оқушылар ғана емес, мұғалімдер мен ата-ана да қатыса алады. Жас айырмашылықтары мен күйзеліс жағдайларын қабылдаудың ерекшеліктеріне байланысты, антибуллинг жобасы әртүрлі деңгейге жеке-дара әзірленді. Оқушылар түрлі әлімжеттікке душар болмауы үшін өз беттерімен жобалар ойлап тауып, интерактивті сабақтарды орындап, “Медиация мектебіне” қатысады. Қзіргі уақытта қанатқақты жоба елдің тоғыз өңіріндегі елу мектепте іске қосылған.

“Бұл бағдарламаны ең әуелі мектеп басшысы, орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психологтар, бай тәжірибесі бар белсенді мұғалімдер басқарады. Антибуллингтік бағдарлама аясында әртүрлі мәселені шешуге белсенді көмектесе алатын балалардың өзі оқушылары мен сыныптастары арасында сан алуан жобаны жүргізуге мүмкіндік алады”, – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

 

Жаңалықтармен бөлісу