Ел қазынасы мемлекеттік кірістерге байланысты артады

Ел қазынасы мемлекеттік кірістерге байланысты артады

Мемлекеттік кірістер органдарын құру мемлекет үшін маңызды қадам болды. Елдің көркейіп, әлеуметтік-экономикалық деңгейінің өсуі, білім беру, денсаулық сақтау, тәртіп пен өзара береке-бірліктің ұштасуы, қоғамдағы адамдардың өмір сүру ахуалының жоғарылауы, ұлттық стандартқа жету – мұның бәрі салық түсімдеріне байланысты.

Биыл мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына он жол толды. 2014 жылы  салық, кедендік бақылау,  мемлекеттік кірістер комитетінің  бірігуі нәтижесінде қайта құрылған бұл органның  атқаратын қызметі орасан зор. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін ұшан-теңіз еңбек сіңіріп келе жатқан Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Азамат Нұрлыбайұлы Қожықовпен кездесіп, салық саласының бүгінгі жай-күйіне тоқталған едік.

Азамат Нұрлыбайұлы, Мемлекеттік кірістер органдары жарты жыл ішінде қандай жұмыстар атқарды? Салық түсімі  ойдағыдай орындалып жатыр ма?

–Халық саны көп болған сайын жұмысымыз күрделене түсетіні белгі. Десек те, биылғы бюджеттік түсім жоспарға сәйкес жүзеге асуда. Бюджеттің атқарылуы, түсімдердің өсуі толығымен салық төлеушілердің жауапкершілігіне байланысты. Мемлекеттік бюджетке түсімдерді бақылауды және кірістерді болжауды жүзеге асыру үшін Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бірқатар іс-шаралар өткізді. Айтар болса, хронометраждық тексерулер, рейдтік іс-шаралар, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз анықтау, кассалық аппараттарды бақылау, терминал бекеттерін қолданбаған, жергілікті салықтарды уақтылы төлемегендермен, соттан тыс банкроттық бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

Әкімшілендірудің аталған түрлері бойынша камералық бақылау шеңберінде 6 айда 17 хронометраждық тексеру жүргізілді. Нәтижелері бойынша 316,1 млн теңге сомаға салық есептілігінің қосымша нысандары ұсынылды, түскен қосымша салықтардың сомасы 11,8 млн теңге. БКМ 38 салық төлеушіні қолданбау, терминал бекеттерін қолданбау бойынша 11 салық төлеушіні тіркеусіз әкімшілік жауапкершілікке тартты. «Сергек», «Авторурган» желісі бойынша жол полициясының қызметкерлері жалпы берешегі 2,4 млн теңге болатын 18 автокөлікті тоқтатты, төлем сол жерде жүргізілді. Соттан тыс банкроттық бойынша 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 1078 өтініш берілді, 393 азамат мақұлданды, 229,9 млн теңге сомасына банкрот деп танылды. Жыл басынан бері бюджетке 5,5 млрд теңге сомаға қосымша түсімдер қамтамасыз етілді.

–Мемлекеттік бюджетке келетін түсімдердің негізгі көрсеткіштері қандай?

–Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеті бюджетке салықтар мен төлемдердің уақтылы түсуі есебінен бюджетті қамтамасыз ету. Бірінші жартыжылдыққа қойылған жоспарлар мен міндеттер орындалды. 2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуы 105,5%  құрайды, нақты айтар болсақ, бюджетке 98 млрд теңге түсті.

– Салық төлеушілер үшін сіздердің тараптарыңыздан қандай жағдайлар жасалуда?

–Барлық салық төлеушілер үшін салық міндеттемелерін орындау бойынша тең шарттар бар. Әрине, алдымен оның кірісі болуы керек. Сондықтан біз салық төлеушіге салық міндеттемелерін орындауға ыңғайлы болу үшін барлық жағдайды жасауға міндеттіміз. Салықты электронды түрде тапсыру үшін барлық жағдайлар жасалды. Салық төлеушілер Мемлекеттік кірістер органдарына келмей, салық инспекторының көмегінсіз-ақ электронды түрде ұсына береді. Оның еш қиындығы жоқ. Ол үшін ақпараттық және технологиялық қызметтер ұсынылады. Салық төлеушілердің дербес шоттарға қашықтан қол жеткізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда сервистер орналасқан мобильді қосымшалар жұмыс істейді, олар арқылы салық есептілігінің нысанын ұсынуға, жеке шоттарды қарауға және қызмет бойынша басқа да ақпарат алуға болады. Тағы бір жаңалық азаматтарды жалпыға бірдей декларациялау. Оны ұсыну бойынша 3 кезеңіне сай міндеттемелер бар.

– Сіз жалпыға бірдей декларация тақырыбын қозғадыңыз, бұл туралы егжей-тегжейлі айта кетсеңіз?

ҚазақстанРеспубликасыныңСалықкодексінде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіненгізу, барлықазаматтардыңесептікезеңдеөздерініңтабыстарыменмүліктеріндекларациялауміндетікөзделген.Қазақстанда жалпыға бірдейдекларациялау2021жылыенгізілді.Бұлретте4кезеңкөзделгенжәнебүгінгікүні3кезең250.00нысанындағыактивтерменміндеттемелертуралыдекларациянытапсырда. КейінненжылсайындекларанттаркірістерменмүліктуралыДекларацияны270.00-нысанда табыс етуге міндеттеледі.Активтерменміндеттемелертуралыдекларациянытапсырумерзімі15қыркүйектекөзделгендіктен,барлықдекларанттарөздерініңазаматтықжауапкершілігін көрсетіп, осыдекларацияныуақтылыұсынуы қажет.

–Алдағы жоспарларыңыз қандай? Халыққа ыңғайлы болатындай қандай бастамаларды күтеміз?

–Алдымен көлеңкелі экономиканы азайтып, бюджеттің кіріс бөлігін арттыруды көздейміз. Бұл біздің басты міндетіміздің бірі. Цифрландыру, ақпараттық жүйелерді, салықтық бақылау рәсімдерін жетілдіру, орындаудың қашықтықтан мониторингін қамтамасыз етудің барлығы жұмысты жеделдете түсері сөзсіз. E-Salyk business, e-Salyk Azamat, salyqbot сияқты жүйелер жұмыс істейді, онда бизнес өкілдері онлайн қызметті қолайлы ала алады, кез келген сұраққа да жауап табады. Аудиторлық іс-шараларды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға ерекше назар аударылады. Мемлекеттік кіріс органдары өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске де үлес қосады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, салық міндеттемелерін уақтылы орындайтын, біздің іс-шараларымызға қатысатын, мемлекетіміздің өркендеуіне қатысатын адал салық төлеушілерге алғыс айтқым келеді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бүгінде мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыты. Сондықтан біз олармен кері байланыс орната отырып, мемлекет мүддесі үшін жұмыс істегіміз келеді. Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай барлық әріптестерімді мерекемен құттықтап, қажырлы еңбегі үшін алғысымды да білдіремін. Бұл тек мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің ғана емес, баршамызға ортақ мереке дер едім. Себебі біздің күнкөрісіміз бюджетке түскен қаражатқа байланысты. Халық пен мемлекеттің бірлескен жұмысы біздің мемлекетіміздің берік іргетасын қалайды.

– Әңгімеңізге рахмет, жұмыстарыңыз алға баса берсін.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу