Екі жақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Екі жақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Президентінің денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде қазақстандық ІТ және финтех-компаниялардың тәжірибесі мен инновациялық шешімдерін қолдана отырып олармен белсенді өзара іс-қимыл жүргізуде.

Сонымен «Фридом Финанс» АҚ-ның медициналық қызметтердің сапасы мен ашықтығын, қолжетімділігін арттыруға бағытталған цифрлық технологияларын енгізу туралы ұсыныстары қаралды. Соның ішінде ауылдық жерлерде телемедицинаны дамыту аясында денсаулық диагностикасы мен мониторингі мобильді кешендерін енгізу жолдары бар.

Алдағы уақытта ынтымақтастық орнату туралы меморандумға денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов қол қойды.

Ынтымақтастық шеңберінде вакцина мен басқа да медициналық дәрі-дәрмектерді қауіпсіз күйде сақтау мен тасымалдауға қажетті тоңазыту тізбегін басқаруға арналған цифрлық жүйені бірлесе әзірлеу жоспарлануда. Бұл нақты уақыт режимінде өндірістен бастап науқасқа жеткенге дейінгі аралықтағы барлық кезеңдерде сапаның жоғалып кету қаупін азайта отырып, температураны бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар компания медициналық қызметтерге жалған құжат толтырумен күреске бағытталған цифрлық шешімдер әзірлеуге қатысуға дайын екенін жеткізді.

Жаңалықтармен бөлісу