15 мая, 2025
Екі көлік апатқа ұшырады

Екі көлік апатқа ұшырады

«Қостанай-Қарабұтақ» тас жолының 36-шақырымында Toyota Camry мен HAVAL автомобильдерінің қақтығысып қалды.

22 жастағы Toyota жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Нәтижесінде екі жүргізуші, екі көліктегі екі жолаушы, HAVAL жүргізушісінің 6 жасар қызы әртүрлі дене жарақаттарымен Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді.

«Бұл факт бойынша полиция процедуралық шешім қабылдау үшін бастапқы материалдар жиналды.10.1-тармаққа сәйкес. Жүргізуші көлік құралының қозғалыс қарқындылығын, көліктегі жүктің ерекшеліктері мен жай-күйін, жол және метеорологиялық жағдайларды, атап айтқанда қозғалыс бағытында көрінуін ескере отырып, белгіленген шектен аспайтын жылдамдықпен жүргізуі тиіс. Жүргізушіге ережелердің талаптарын орындау үшін көлік құралының қозғалысын үнемі бақылап отыруы керек», – дейді облыстық ПД өкілдері.