Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы инновациялар туралы баяндады.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында үнемі жаңашылдықтар енгізіліп отырады, қызмет көрсету тәртібі автоматтандырылады және жеңілдетіледі, мерзімдері қысқартылады, жаңа қызметтер енгізіледі. Жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік қызмет түрлерінің саны жыл сайын артып келеді. Егер 2 жыл бұрын олардың 174 түрі болса, қазіргі уақытта 1,5 есеге дейін өскен.
“Осы жылдың 4 айында облыста барлығы 3 млн қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық түрде 2 млн 940 мың азамат тиісті органдардан қызмет алды. Бүгінде eGov порталында қызметтерді алудың ең ыңғайлы және жиі тәсілі – электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) және QR кодын пайдалану. Биыл сәуір айында Қазақстанда екеуінің орнына бір файлдан тұратын ЭЦҚ қолданысқа енгізілді. Бұл ретте ескі ЭЦҚ өзінің қолданылу мерзімінің соңына дейін жарамды болады”, – дейді басқарма басшысы.
Былтыр мемлекеттік қызметтерді ұсыну платформаларында қызметтерді жүйелеу қайта қаралды. Қызмет салалары бойынша көрсетілетін қызметтер тізімдерінің орнына олар мемлекеттік органдарға жүгінбей шешуге болмайтын өмірлік жағдайлар бойынша топтастырылған. Олардың қатарында мыналар бар: отбасы құру, бала туу, пәтер сатып алу, бизнесті тіркеу, баланы балабақшаға, мектепке орналастыру, ауырып қалған жағдайдағы амалдар, жұмысқа орналу, зейнетке шығу және т.б.
Жалпы мемлекет тарапынан мемқызметтер көрсету сапасын жақсарту үшін цифрлық қызметтерді ұлғайту ғана емес, сонымен қатар ескі процестерді қайта қарау, реинжиниринг, әртүрлі бағыттарда жаңа технологияларды енгізу және басқа көптеген жұмыс атқару үстінде.