Жанкелдин ауданы Торғай селосында дзюдо күресінен Жақан Қосабаевты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр.
2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы VI-облыстық жарыста Лисаков, Арқалық қалалары мен Әуиекөл, Аманкелді, Жанкелдин аудандарынан 80 спортшы бақ сынауда.
Жарыстың екінші күнінде алғашқы чемпиондар анықталды. Олардың арасында Торғайдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің жетінші сынып оқушысы Әбдінұр Қосылбек те бар. Ол 46 келіде жарыс жеңімпазы атанды.
“Бүгін жарыс жолында бірінші орын алғаныма қуаныштымын. Баптаған бапкерлеріме алғыс білдіремін”, – дейді Әбдінұр Асылбекұлы.
Мадияр Қаратай 50 келіде қатарынан оқ бойы озды. Ол Әулиекөлдегі Сьянов орта мектебінің сегізінші сынып оқушысы.
Жанкелдин ауданы