Досжанова Қымбат Мұратбекқызы

 

Лауазымы: Tілші 

Жұмыс телефоны: 54-28-42

1990 жылы 10 қарашада Аманкелді ауданы Үрпек ауылында туған. 

2008 жылы Жаңауыл орта мектебін бітірді. Мектеп қабырғасында өлең, шығарма және зерттеу жұмыстарын жазып, көзге түсіп жүрді. 

2005 жылы Алматы қаласында өткен республикалық «Айгөлек» журналының фестиваліне қатысып, «Жас тілші» деген куәлігімен марапатталды. Қоғамдық-мәдени шараларға белсенді атсалысқан. Аудандық ән байқауларына қатысып, жетістіктерге жетті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің түлегі. Университет жанындағы «Жас өркен-Қостанай» және «Білім жарысы» басылымдарына поэзия, проза және мақалалары жарияланды. 

2011 жылы Астана қаласында өткен XIV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Проза» номинациясымен қатысып, арнайы грамотамен марапатталды. 

2009 жылы Петропавл қаласында өткен жас журналистер арасындағы байқаудан жүлдемен оралды. 

2010 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткен облыстың БАҚ журналистерінің байқауында «Жігер» номинациясының жүлдегері атанған. 

2011 жылы Қостанай облысының жас ақындарының жыр жинағына және альманахқа өлеңдері мен әңгімелері енді. 

2013 жылы Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында өткен журналистер арасындағы Халықаралық форумға қатысты. «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған байқауда «Аймақ жаңалықтары» номинациясының жеңімпазы атанды. Тұрмыста. Айсара мен Әдина есімді екі қызы бар.