«Қостанай таңы» газеті Домбыра күніне орай мектеп оқушылары арасында «Домбыра-думан» облыстық бейнебайқауын жариялайды! Ұлт аспабына бейімі бар балдырғандар мен жасөспірімдерді ерекше байқауда бақ сынауға шақырамыз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушлеріміз тағайындаға бағалы сыйлықтарымыз бар!
Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақ арасында домбыраны насихаттау, ұлт аспабының құлағында ойнайтын жеткіншектер мен жасөспірімдерді ынталандыру, талапкерлерді қалың оқырманға таныстыру.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
– Байқауға домбырамен орындалған күй немесе әуен (композиция) видео түрінде жолдануы керек;
– Туындының ұзақтығы 5 минуттан аспауға тиіс;
– Орындалған шығарманың атауы мен авторы көрсетілуі шарт;
– Бейнежазбаның сапасына ерекше мән беріледі;
– Шығармамен бірге қатысушының жеке мәліметтері (аты-жөні, жасы, тұрғылықты жері, оқитын мектебі мен сыныбы, жеке суреті және байланыс деректері) жіберілуі қажет;
– Талапқа сай келмейтін материалдар қабылданбайды;
– Бейнежазбаларды арнайы комиссия саралап, бағасын береді;
– Талғамға сай келетін видеолар әлеуметтік желілердегі парақшамызға салынады;
– Үздіктерге үш орын бойынша (1, 2, 3 орындар) жүлде тағайындалады;
– Материалдар байқау жарияланған күннен бастап, 5 шілдеге дейін қабылданады.
– Бейнематериалдарды 8 771 213 72 02 нөмірі арқылы WhatsApp және Telegram желілеріне HD форматында жіберуге болады. Қандай да бір сұрақтарыңыз туындап жатса, көрсетілген нөмірге жүгіне аласыздар.
Ұлт өнерін, домбыра аспабын дәріптеуге үлес қоса отырып, байқау жеңімпазы атануға асығыңыздар, жас достар!
Фото: gov.kz