Бүгін “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұжымы Қостанай шаһарына келді.
Өңірдегі БАҚ өкілдерінің басын қосып, бағыт сілтеп келе жатқан орталық мүшелері бұған дейін Павлодар, Ақтөбе облыстарында болды.
“Біз алғаш рет жұмысымызды ERG компаниясының қолдауымен осыдан төрт жыл бұрын онлайн форматта бастадық. Қоғам мен БАҚ арасындағы байланысты жақсартудың жолдарын, осы саладағы қазіргі технологияны қолдану арқылы ұйымдастыруға бағыт береміз”, – деп орталық жұмысын таныстырған медиатренер Есенгүл Кәпқызы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайында тренинг өткізді.
Ұлттық стандарттардың қағидалары аудиторияның талқысына салды.