Кәсіп ашып немесе бар кәсібін кеңейтем деушілер мемлекеттің көмегіне жүгіне алады. Бүгінгі таңда көптеген несие бағдарламалары бар. Сол арқылы кәсіптерін жандандырып жатқандары да қаншама.
Ол бір жағынан кәсіпкерлер үшін үлкен көмек. Облыста кәсібін жаңа ашқандарға “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ орасан зор қолдау көрсетіп отыр.
Орталықтағы дене шынықтыру нұсқаушысы Нұрлан Сапа емделушілерге аспалы аппаратпен де ем-дон жасайды.
“Бұл “Redcord” деп аталатын аспалы жүйесі. Бұл қысылған бұлшықеттерді босаңсытуға арналған. Бұл құрылғыны біз қандай да бір жарақат кезінде әлсіреген бұлшықеттерді қатайту үшін де қолданамыз. Яғни, емделушінің бұлшықетін тереңірек емдеп, тепе-теңдігін реттеуге мүмкіндік береді. Яғни, грыжа кезінде, бел аймағындағы ауырысынуды жазу үшін пайдасы мол. Бір ем-дон кезеңі 45 минутқа есептелген. Емделуші 15 күн бойына ем алады”, – дейді орталық маманы Нұрлан Сапа.
Жыл бойына 500-ден аса келуші орталық шарапатын көреді екен. Мекемеде тәулік бойына 12 төсектік стационар, 30 төсектік күндікзгі стационар және ем алушылар емдерін қабылдап, үйлеріне оралуына да болады.
Орталықтың қазіргі мекемесі жалдамалы. Биыл шілдеде “Банк ЦентрКредиттен” оңалту орталығының жаңа ғимаратын салуға 30 млн теңгеге несие алған. “Даму” Қоры “Бірыңғай кешенді бағдарлама” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде несие сомасының 45 пайызына кепілдік беріп отыр. Құрылысы жүріп жатқан нысанды жыл аяғына дейін іске қосуды жоспарлап отыр.
“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорынының игілігін көрген кәсіпкердің бірі Наталья Аман. Ол 2014 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру қызметін ұсынып келеді.
Алғашқы филиалын 2015 жылы ашқан. Қазіргі таңда The family NEST балалар клубының үш филиалы бар. Онда 1-7 жас аралығындағылар балабақшаға толық және жарты күнге бара алады. Бүгінде 170-ке жуық бала оқиды.
“Екі балабақшам Алтынсарин және Әл-Фараби көшелерінде орналасқан. Бұл менің үшінші филиалым. Мұнда бір жастан төрт жасқа дейінгі балалар қабылданады. Жуық арада ғана ашылдық. Маусым айында бөбекжайдың үшінші филиалын ашу үшін “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ әйелдердің бизнесін қаржыландыратын жаңа “Үміт” бағдарламасын іске қосты. Тиімді екенін байқап, бағдарлама арқылы коммерциялық үй-жай сатып алуға несие рәсімдедім. Яғни, “Қазақстан Халқы банкі” арқылы 60 млн теңгені жылына 16,5 пайызбен 84 ай мерзімге алдым. Жиһаз сатып алу мен жөндеуге өз қаржымнан жұмсадым. Төрт мезгіл тамақпен қамтамасыз етеміз. Жиһаздардың барлығы экологиялық тұрғыдан таза, әрі сапалы. Өз басым ол жағына қатты мән беремін. Арзан дүниеге қызықпаймыз. Бі үшін балалардың сапалы білім алып, денсаулықтары мықты болғаны маңызды”, – дейді «Ля Перла» ЖШС директоры Наталья Аман.
Айта кету керек, Наталья Аман Қазақстанда “Үміт” бағдарламасының алғашқы қатысушысы. Балабақшада кешенді дамыту сабақтары, мектепке бір жылдық қарқынды дайындық, мектепке екі жылдық дайындық, түрлі үйірмелер мен шеберлік сабақтары, тіл үйрету және кескіндеме сияқты үйірмелер жұмыс істеп тұр.
Ал ерлі-зайыпты Бейсеновтердің жеке кәсібін ашуда өткен еңбек жолын ерекше атап өтуге тұрарлық. Екеуі қыз бен жігіт кезінде Төлеген Бейсенов “ОлжаАгро” зауытында жұмыс істеген, ал жұбайы Шолпан Иманбаева банкте бөлім басшысы болған.
“Алғашқы цехымыз 40 шаршы метр ғана болатын. Өзім жиһаз құрастырдым. Қазіргідей жұмыскерлер болған емес. Тек екеуіміз ғана бастадық. Яғни, мен күні бойына цехта жұмыс істедім, жұбайым жұмыстан кейін көмектесетін. Кейін банктен жұмыстан шығып, түбегейлі қасыма келді. Мен жиһаз жасаумен айналыссам, жұбайым оны сату жағын қола алды. Биыл бірлесіп кәсібімізді жүргізіп жатқанымызға 11 жыл болған екен. Қазір шүкір, он бес қызметкер бар. Кәсіпорынның жеке кеңсесі және материалды кесу, құрастыру, фрезерлік, сырлау, тегістеу және МДФ пленкаларын өндіру сияқты 6 цехы жұмыс істеп тұр”, – дейді NOVA MEBEL жеке кәсіпкерлігінің негізін қалаушы Төлеген Бейсенов.
Кәсіпорын Қостанай облысында 10 жылдан астам уақыт бойы экономнан премиум-классқа дейін жоғары сапалы материалдар мен фитингтер пайдалана отырып жиһаз шығарады.
“Соңғы жылдары жекелей жиһаз жасаумен бірге нысан ішін толық жабдықтауды да қолға алдық. Яғни, тапсырыс берушінің қалауына қарай, барлық жиһаз түрімен жабдықтап береміз. Мемлекеттік бағдарламалардың көмегін көптеп көрдіп жатырмыз. Бірнеше рет қолдау алдық. 2021 жылы қарай айында айналым қаражатын толықтыру үшін “Қазақстан Халқы Банкінен” 5 млн теңге несие алдық. “Даму” қоры “Бизнестің жол картасы – 2025” мемлекеттік бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша субсидиялап, мөлшерлемесін 6%-ға түсірді. Одан кейні екі жыл бұрын “Банк ЦентрКредит” арқылы жаңа жабдық алу үшін 5,6 млн теңге несие рәсімдедік. Ол жерде де “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры “Ұлттық жоба” мемлекеттік бағдарламасының 1-ші бағыты аясында мөлшерлемесін 6 пайызға субсидиялады”, – дейді NOVA MEBEL компаниясының басшысы.
Былтыр компания тағы да субсидиялау түрінде қолдауға ие болған. Кәсіпорын «Банк Фридом Финанс Қазақстаннан» жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға 13,6 млн несие алғанда «Ұлттық жоба» бағдарламасының 1-ші бағыты аясында несие мөлшерлемесі 8% бен берілген. Барлық үш несие бойынша кәсіпкерге несие сомасының 85% көлемінде «Даму» қорының кепілдігін алды. Ал жаңа құрал-жабдықтар кәсіпорынның өндіріс қуатын және шығарылатын жиһаз сапасын арттыруға серпін берді.
Қордың шарапатын көргендер жетерлік. Мысалы, жыл басынан бері “Даму” қоры Қостанай облысының шағын және орта кәсіпорындарының 787 жобасына 20,61 млрд теңгеге қолдау көрсеткен. Оның ішінде 407 жобаға 6,93 млрд теңгеге субсидия, 380 жобаға 13,68 млрд теңгеге кепілдік берілді. Ал 167 жоба жеңілдікпен 109,6 млрд теңгенесие алды. «Даму» Қоры шағын және орта бизнеске субсидия, кепілдік беріп, жеңілдікпен қаржыландырады. Субсидияның бір тиімді тұсы, кәсіпкер несиесінің пайызын азайтады. Нәтижесінде кәсіпкерлер үнемделген қаражатты ісін дамытуға жұмсай алады. Бизнес ашуға немесе кәсіпті дамытуға несие аларда банк кепілдікке талап еткен мүлік аз болса, Қордың кепілдігі көмектеседі. Осы жылдың маусым айынан бастап «Даму» қоры агроөнеркәсіп секторы жобаларына, оның ішінде «Кең дала 2» жаңа бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына несие алатын кәсіпкерлерге кепілдік бере бастады. Кепілдік кепілмүлкі аз кәсіпкерлердің жылына 5%-дық несиесіне беріледі. Қостанай облысында бағдарлама жүзеге асырыла басталғалы бері жалпы несие сомасы 20,49 млрд теңге болатын 39 жоба қолдау алды.
– “Даму” қоры ұлттық даму институты болғандықтан, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдеседі. Бұл – экономикаға айтарлықтай серпін береді. Қостанай облысында 2010-2023 жылдар аралығында мемлекеттен қолдау алған кәсіпкерлер 7,7 мың жаңа жұмыс орнын ашып, бюджетке 388 млрд теңге салық төледі”, – дейді «Даму» Қоры Қостанай филиалының директорының орынбасары Елена Матвеева.
Сондай-ақ, Қостанай облысында былтырғы жылдың соңынан бастап «Бизнес-Көмек» атты өңірлік бағдарлама іске қосылды. Бағдарлама шарты бойынша Қостанай облысының Арқалық қаласы, Аманкелді және Жангелді аудандарының аумағында тіркелген кәсіпкерлер 1%-бен жеңіл несие ала алады. Бағдарлама жүзеге асырыла басталғалы бері несиенің жалпы сомасы 703,8 млн теңге болатын 16 субсидия шартына қол қойылды.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бағдат АХМЕТБЕКОВ