Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қостанай облысының тұрғындарымен кездеседі

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қостанай облысының тұрғындарымен кездеседі

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 25 желтоқсан сағат 14:00- де  Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды және сағат 14.30-да Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8 (702) 762-56-48 (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады.

Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Кездесудің өтетін мекенжайы: Қостанай қаласы Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясы (Жастар сарайы / Юбилейный шағын ауданы 56).

Жаңалықтармен бөлісу