Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров «АрселорМитталТеміртау» компаниясына қарасты Костенко шахтасында орын алған алапат апатқа байланысты қарағандылықтарға көңіл айтты деп хабарлайды Қарағанды облыстық “Орталық Қазақстан” газетінің ресми сайтынан.
Шахтада іздестіру жалғасуда: Сегіз адам табылмай жатыр
Костенко атындағы шахтада 38 қаза тапқан адамның денесі табылды, 8 кеншіні іздеу жалғасуда деп хабарлайды ҚазАқпарат.
КОСТЕНКО ШАХТАСЫНДАҒЫ АПАТТАН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ 35-КЕ ЖЕТТІ
Костенко шахтасындағы апаттан кейін 11 адам әлі де іздестіріліп жатыр.
29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бүгін, 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.
Полицейлер көпірден секірмек болған жас жігітті құтқарып қалды
Тобыл өзеніндегі үлкен көпірдің қоршауында жас жігіт тұр деген хабар кешкі сегіздер шамасында 102-ге түсті деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Балалардың қауіпті “ойыны” ма? Полиция департаменті бейнежазбаға қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде Рудный қаласында кәмелетке толмаған баланы қаққан жеңіл автокөліктің бейнежазбасы тараған болатын. Видео авторы “балалар арасында қауіпті “ойын” пайда болғанын айтып, тұрғындарды абай болуға шақырған.
Рудный қаласында учаскелік полиция қызметкері жоғалған баланы тапты
2 қазанда сағат 11:30 – да Рудный қаласының жедел басқару орталығына әйелден қоңырау келіп түсті, ол ойын алаңында бірге жүрген 6 жасар жиенінің көзден таса болғанын хабарлады. Ол қай бағытта кеткенін байқамады. Бірден полицияға жүгінді деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Оқушылар арасындағы жанжал дене жарақатына әкелді
10 және 11 сынып оқушылары арасындағы төбелес Құсмұрын кентінің №2 орта мектебінде болған. Кенеттен болған жанжал қатысушылардың біріне ауыр дене жарақатын салуға себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанайда автобус пен рейстік жүк көлігі соқтығысты
Алматы – Екатеринбург автожолында Екатеринбург-Рудный бағытындағы халықаралық рейстік автобустың 68 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған Kia Sportage және MA3-551605 көліктерімен соқтығысқан деп хабарлайды POLISIA.KZ. Жеңіл көлік пен автобус жүргізушісі, сондай-ақ автобустың 18 жолаушысының бірі зардап шекті. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
«Арқалық қаласының мұсылмандар қорымында ай белгілері жоғалып жатыр» деген ақпарат жалған болып шықты
Мәселенің мән-жайын білмекке Арқалық қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімі қызметкерлері мен Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхамед» мешітінің бас имамы қорым басына арнайы барды.