Бірінші жартыжылдықта мобильді топтарға өңір кәсіпкерлерінен 190 хабарлама келіп түсті. Прокурорлар 38 ұсыныс, 304 наразылық және 11 қаулы енгізді, нәтижесінде 16 616 бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды.
Адам саудасымен күресудің тиімді жолы: қылмыстың алғашқы белгілерін қалай анықтаймыз?
Қоғамда адам құқықтарының өрескел бұзылуы тыйылар емес. Сарапшылардың пайымдауынша, әлемде 2,5 миллионға жуық адам қазіргі заманғы құл алып-сатушыларының қолында. Жыл сайын шамамен мыңдаған зәбір көруші адам саудалаушылардың қолына түседі екен.
Аманқарағай ауылында 17 жасар бойжеткен із-түссіз жоғалып кетті
Аманқарағай ауылында еріктілер жоғалып кеткен 17 жастағы қызды іздестіруде.
Рудныйдағы егіздер өлімі: Мәскеуден сараптама қорытындысы келуі керек
Рудныйда ауруханадан шыққан күннің кешінде қайтыс болған егіздердің өліміне қатысты істің нүктесі әлі қойылған жоқ. Балалардың қайтыс болу себебі Мәскеуден келуі тиіс сараптаманың қорытындысы бойынша айқындалмақ, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Бекбосыновқа сілтеме жасап.
Жиынның діттегені жемқорлықты болдырмау
Аудандық және қалалық полиция бөлімдері бастықтарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі орынбасарларымен кездесу өткізілді.
Қала тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді
Қостанай полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғынының қаражатын алаяқтық жолмен иемденген қылмыскерді қолға түсірді. Алаяқтан белгілі бір сома көлемінде тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заңға енгізілген түзетулердің тиімділігі қандай?
Енді сот орындарының жәбірленушілердің өтінішінсіз куәгерлердің айғақтары мен бейнекамералардың жазбаларына сүйене отырып, зорлық-зомбылық жасау фактісімен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндігі бар. Бұл туралы өңірлік комуникация орталығында журналистермен өткен брифингте айтылды
Прокурорлар балалар лагерлерін тексеруді бастады
Прокурорлар балалар лагерлерін тексеруді бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып. Білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – Мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы лагерьлер. Маусым айында 10 216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеді.
“Киік еті болуы мүмкін”. Қостанай облысында браконьерлер ұсталды
Қостанай облысы Полиция департаменті және Арқалық қаласы прокуратурасының қызметкерлері 52 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан сойылған ақбөкеннің үш қап еті табылды.
Қыдырымпаз балалар қатаң қадағалауда
Қостанайда “Түнгі қаладағы балалар” атты республикалық жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. 17 шілдеде басталған рейдтің алғашқы күнінде-ақ көптеген құқық бұзушылық тіркелді.