Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы департаменті өңірдің «созылмалы құрылыстарына» мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Ең көп тұрғын үй қайда берілді?
2024 жылы Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 2023 жылмен салыстырғанда 6,4% артып, 18 963,4 мың м² құрады.
Қамысты ауылында жаңа спорт кешені пайда болады
Қамыстыда заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталмақ. Бұл жоба «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, ауыл тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Жанкелдин ауданының шалғай ауылында спорт нысаны ашылды
Ауыл балаларының спортпен шұғылдануына жағдай жасау ісіне мемлекетпен қатар, жұртқа жанашыр қоғамдық қорлардың, жекелеген кәсіпкер азаматтардың әр жерде атсалысып жатқаны үрдіске айналды. Таяуда ғана шалғай Милісайда пайдалануға берілген жаңа спортзал да осындай ізгі ниеттен туған игі қадамның бірі.
Қазақстанда жолдарды басқару үшін «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы әзірленеді
Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде жол инфрақұрылымын басқаруды жаңғырту үшін негіз болатын «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы енгізілетінін айтты.
Әулиекөл ауданында жеті елді мекеннің жолы жөндеуден өтпек
Әулиекөл ауданында да соңғы жылдары жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы өңірде 3,1 миллиард теңгеден астам қаржыға бірқатар ауылдардың кіреберіс және ауылішілік жолдары, суғарлар жаңартылды. Аудандық маңызы бар жолдардың жағдайы 90,6%-ға, ал елді мекендердегі көшелердің үлесі 61,4%-ға дейін артты. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.
Қазақстанда мектептердің инфрақұрылымын жақсарту мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Қазақстанда екі жылда 32 апатты және 71 үшауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығы жойылды. Оған осы уақыт аралығында қолданысқа берілген мектептердің рекордтық саны ықпал етті – жарты миллион оқушы орнына арналған 422 мектеп салынды.
Samsung компаниясының алғашқы қазақстандық теледидарлары сатылымға шығады
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Юджин Джонгтің кездесуінде белгілі болды.
Қарасуда спорт кешені ашылды
Ауқымды жобаның құрылысына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 368млн 700 мың теңге жұмсалған. Жаңа кешен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қостанайда тұрғын үй кезегі азаймақ. Спорт орталығы бой көтереді
Биыл облыс бойынша 500 шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 47 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
