Қостанайда Адиля Әлібек есімді қыз медициналық көмекке мұқтаж. Оған “Микротия Атрезия” диагнозы қойылып отыр. Дәрігерлер құны 48 800 000 тұратын шұғыл ота жасау керектігін айтып кеңес берген.
Қостанайлық жастар «MobFest» республикалық фестивалінің жеңімпазымен кездеседі
Таланттарды қолдайтын ҚР Президенті жанындағы «Дара» қорының бастамасымен ұйымдастырылған «MobFest» фестивалі республика деңгейінде алғаш рет өткен еді. Байқауда бақ сынағандар арасынан 20 видео жұмыс авторлары ең мықты деп танылып, Нью-Йорк кино өнері академиясынан (NYFA) тағылымдамадан өтуге жолдама алды.
ҚР Бас прокуратурасы бүгіннен бастап алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды
Іріктеу аудан-қала прокуроры (C-RGP-5 санаты) лауазымдарына жүргізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүдделерін білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кіреді.
1 НАУРЫЗДА ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ
Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап, еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады.
Басқарма басшысы облыс тұрғындарына ескерту жариялады
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев ауа райының нашарлауына байланысты облысымыздың республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыс шектеулі екенін айтты.
Республиканың бірқатар облыстарында жолдар жабылды
Ауа райының бұзылуы біздің өңірдің де оңтүстік батыс бөлігінде байқалып отыр.
Министрлік биылғы БАҚ форумының қашан өтетінін хабарлады
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің деректеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының саны жыл сайын артып келеді.
Мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды қабылдайды
2024 жылғы 16 ақпанда «Жастар Сарайы» ғимаратында (Қостанай қ., Юбилейный ш/а, 56) сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін Қостанай облысы мемлекеттік органдарының басшылығы «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін» өткізеді. Анықтама телефондары: 575-038, 575-084, 575-057, 575-045.
Қазақстан Ұлттық Банкі халыққа ескерту жариялады
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) жаңа дизайнда шыққан номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды 2023 жылы 25 желтоқсанда айналымға шығарды деп хабарлайды ҚҰБ баспасөз қызметінен.
Қазақстанда 1-сынып оқушылары қосымша жеті күн демалады
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.