Қостанайда бадминтоннан “Special Olympics” ашық турнирі өтіп, оған білім беру және әлеуметтік қорғау мекемелерінен 36 бала қатысты.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды
Бүкіл әлем көз тіккен жарыс 2024 жылы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дубайдағы ат бәйгесінде қазақстандық сәйгүлік бірінші келді
Дубайдағы Мейдан ипподромында өткен беделді бәйгеде қазақстандық Кабирхан есімді тұлпар жеңіске жетті деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Париж олимпиадасының бес жолдамасына ие болды
«Rapid fire Pistol» жаттығуында Никита Чирюкин 584-ші ұпай нәтижемен финалға жолдама алған болатын, осы нәтижемен олимпиадалық квотаны жеңіп алды. Ақтық сайыста спортшы өзінің бірінші позициясын ұстап, алтын медаль жеңіп алды.
Ислам Чесноков «Тобылда» қалады
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы жаңа келісім-шартқа қол қойды деп хабарлайды “Тобыл” футбол клубының баспасөз қызметінен. Ислам былтырдан бастап команда сапында. Өткен маусымда ол чемпионатта 22 матч өткізіп, 5 гол соқты.
Виталий Старновский – «Тобыл Ж» жаңа бас бапкері
Қостанай футбол мектебінің түлегі Виталий Старновский «Тобыл» жастарының бас бапкері болып тағайындалды.
«Тобыл» футбол клубы жаңа ойыншымен толықты
«Тобыл» болгариялық жартылай қорғаушы Радослав Цоневпен келісімге келгенін ресми хабарлайды.
“Тобыл” футбол командасына жаңа ойыншы қабылданды
Эссьен Эдедем «Тобыл» ойыншысы атанды. Нигериялық жартылай қорғаушы «Пари Нижний Новгород» футбол клубынан ауысып келді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Жітіқаралық жастар шаршы тақтада бәсеке байқасты
” Қостанай минералдары ” АҚ шахмат клубында алғаш рет тәрбиеленушілер арасында жаңа жылдық турнир өтті.
Ахмед Эль-Мессауди – «Тобыл» ойыншысы
Марокколық футболшы жаңа маусымда «Тобыл» намысын қорғайды деп хабарлайды қостанайлық “Тобыл” футбол клубының баспасөз қызметінен.