Данияр Әбікенов Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті. Оның Францияның Лин қаласында өткен 47 Халықаралық WorldSkills чемпионатында «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша кәсібилігі жоғары бағаланған.
Ұлттық өнерді жаңғыртқан ұстаз республикалық байқау жеңімпазы атанды
Жітіқараның № 12 мектебінде жыл сайын ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бірлесіп ұлттық кілем тоқу акциясын өткізіп келеді. Бүгінде алаша, текемет, сырмақ бұйымдары мектеп ішін көркейтіп тұр.
Арқалықта магистратура ашылды
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының қабырғасынан азаматтарға алған жоғары білімдерін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беретін магистратура ашылды.
Сарыкөлде ерекше форматтағы бос орындар жәрмеңкесі өтті
Іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты. Сарыкөлдің орталық алаңында әкімдіктің қақ алдында ашық аспан астында өткен бүгінгі бос орындар жәрмеңкесіне келушілердің қарасы қалың болды.
Қарсуда жаңа кабинет ашылды
Қарасу ауылындағы психологиялық-педагогикалық жаңа түзету кабинетінде ерекше білім беру қажеттілігі бар 70 балаға қолдау көрсетіледі.
Ерекше балаларға қолдау көрсетілді
Қамыстыда №1 Қамысты жалпы білім беретін мектебінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру мақсатында инклюзивті қолдау кабинеті есігін айқара ашты. Ауданда ашылған алғашқы кабинет. Аядай ғана мына бөлмеде ерекше балалар өзін жайлы сезінеді.
Американдық диплом – Қостанайда
Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен University of Minnesota Morris (АҚШ) арасында меморандумға ресми қол қойылды. Бұл келісімшарт қос дипломды білім беру бағдарламасына жол ашпақ.
Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуы 79%-ға жетті
Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйі туралы баяндады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 772 колледж 565 мың студентке білім беруде, атап айтарлығы оның ішінде 177 мың студент биылғы жылы оқуға қабылданған. 91 мың студент дуальды оқумен қамтылған.
Қостанайлық ұстаз «XXX Еуропалық ECER-2024» конференциясына қатысты
Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Салтанат Қабденова Кипрдің Никосия қаласындағы Кипр Университетінде өткен XXX Еуропалық ECER-2024 халықаралық зерттеу конференциясының куәсі болып келді.
Жаңа ашылулар жолында: ШҚТУ-да Қазақстан-Неміс ғылым және білім апталығы басталды
Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да “Ғылым және білім: Қазақстан мен Германияның серіктестігі” атты іс-шаралар сериясы басталды.