Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Күміс университет» жобасы аясында елуден асқан тыңдаушылар тегін курстар бойынша білім алуда. Олардың қатарында 72 жастағы Сұлушаш Ташкенбаева да бар. Ол жоба аясында «Ерте жастан балаларды дамыту» курсын оқып жатыр.
Ұлы ағартушының құрметіне ғылыми конференция өтті
Қазақ мектептерінің қара шаңырағы саналатын Торғайдағы Ыбырай ашқан мектепке биыл 160 жыл толып отыр. Сонымен қатар, биыл 1884 жылдың 1 қыркүйегінде екі сыныптық орыс-қазақ училищесінің ашылғанына да 140 жыл толды.
Қазақстанда жұмысшы мамандықтары бойынша республикалық WorldSkills чемпионаты басталады
2024 жылдың 14-16 қараша аралығында Астанада WorldSkills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионаты өтеді. Бұл чемпионат кәсіби білім мен техникалық дайындық үшін маңызды шараға айналды. Ол туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыл мектебінде халықаралық жарыстардың жүлдегерлері оқиды
Б.Майлин ауданыдағы Сапар Ерғалиев мектебінде робот құрастыру кабинеті жұмыс істеп тұр. Аудандық Өнер мектебіне қарағанымен, осы ғимаратта орналасқан.
Қостанайда өнертапқыштардың үздік жобалары таныстырылды
Қостанайдағы Назарбаева зияткерлік мектебінің оқушылары “Тики дрон” бағдарламасын іске асырды. Дәлірек айтсақ, заманауи дронның көмегімен 1 гектар алқапқа ағаш еккен.
Алгебра мен геометрия пәндері біріктіріле ме? Министр жауап берді
Оқу-ағарту министрі Мәжіліс отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында алгебра және геометрия пәндерін біріктіріп оқыту туралы ұсыныстарға пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАхпарат хабарлайды. «Ырысбек Мәуіт дейтін ғалым әлеуметтік желіде алгебра және геометрия пәндерін біріктіріп оқыту туралы ұсыныс айтты. Осы ұсынысқа не айтасыз? Неге біз совет заманынан қалған ескі тәсілмен сабақ беріп келеміз», – деп сұрады журналист. Министр […]
Еліміздің өңірлерінде балалар омбудсмендерінің жаңа құрамы жасақталды
Балалардың құқықтарын қорғаудың және олардың ел өміріне қатысуын қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін енгізу мақсатында әр өңірде балалар омбудсмендерінің жаңа құрамы жасақталды. Оған жоғары сынып оқушылары, мектеп парламентінің көшбасшылары, белсенділер, еріктілер қатарынан 40 жастар өкілі енді.
Жеке мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету ұсынылды
ҚР Парламенті Мәжілісінде ұсынылған жаңа заң жобасында жекеменшік мектептерде әлеуметтік осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу көзделген, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Арқалықта «Жайлы мектеп» ашылды
Мемлекеттік тілде оқытатын «Жайлы мектеп» 300 оқушыға арналған.
Рудныйлық студент Қытайдағы кәсіби шеберлік байқауының күміс жүлдегері атанды
Кеншілер қаласындағы политехникалық колледжінің студенті Артем Корякин Қытай Халық Республикасы Шэньси технологиялық университетінде өткен кәсіби дағдыларды дамытуға және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған байқауда екінші орынға ие болды.