Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эр-Риядта өткен химиядан 56-шы Халықаралық олимпиаданың жүлдегерлеріне құттықтау жеделхатын жолдады.
Елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды
1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова толығырақ айтып берді.
Сандар мен түстердің сыры: журналистикада дата визуализация қандай рөл атқарады?
Бұл ұғым дата журналистикада кеңінен қолданыс тауып келе жатқан элементтер. Сандар ақпараттың нақтылығына жұмыс істесе, түстер оның қабылдануын атқарады.
Жасанды интеллект қазақ тілінде ақпаратты жүйелуге көшті
Ақпарат саласына осы жүйе біртіндеп еніп келе жатыр. Бүгінде осы құралдың көмегімен мамандарымыз қазақ тіліндегі ақпаратты жүйелеуге жетті.
Денисов ауданында тасқын шайып кеткен лагерь қалпына келтіріліп, қайта ашылды
Денисов ауданында көктемгі су тасқыны шайып кеткен “Солнечный” лагері пайдалануға берілді.
Қазақстандық оқушылар IMO-2024 халықаралық математикалық олимпиадасында бес медаль жеңіп алды
Ұлыбританияда өткен 65-ші Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бес медальмен толықты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Үкімет су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелерін қалпына келтіруге 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Үкімет көктемгі су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелері мен ұйымдарын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Осы мақсатта Үкіметтің төтенше резервінен қосымша қаражат бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қостанайда АҚШ университетінің филиалы ашылды
Облыстың білім беру саласы әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарының бірімен толықты. Өткен жылы АҚШ Миннесота университетімен жүргізілген келісім оң нәтиже беріп, екі дипломды білім беру жүйесіне сай Computer Science мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатын болды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов желідегі парақшасында жазды.
«Жас маман» бағдарламасымен мәселелерді шешуге көмектесу керек
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аппарат жиынында білім саласының басшыларына осындай тапсырма жүктеді. Бұл жолы алқалы жиында өңірдегі орта білім беру ұйымдарының дамуы, жетістіктері және мәселелері көтерілді. Өңірде «Жас маман» жобасының іске асырылуы, колледж түлектерінің жұмысқа орналсу мәселелері де назардан тыс қалмады.
Шығармашылық салада мамандар даярлауға 1600-ден астам білім беру гранты бөлінді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде шығармашылық мамандыққа мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу бойынша отырыс өтті. Талқылауға Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ЖОО басшылары және т. б. қатысты.