Қостанай қаласының 145 жылдығына арналған жобамыз жалғасады. Газеттің бұл санында шаһар тарихында ерекеше орын алатын екі ірі тұлғаның тастұғырлары жайлы мәлімет бергенді жөн көрдік. Олар Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин мен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.
Еліміздегі мектептердің 88% инклюзивті білім беруге жағдай жасады
Қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылуда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған.
Қазақстан мен Түркия агроғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Түркия Республикасына сапары аясында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» Басқарма мүшесі Ерлан Айтаханов түрік ұйымдарымен ынтымақтастық туралы үш құжатқа қол қойды деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Қасбеттер жөнделіп, шатыр ауыстырылады
Қостанайда тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда Досжанов және Майлин көшелерінде орналасқан үйлер жөнделуде. Алдағы бірнеше айда жұмыстар толық аяқталатын болады. Жұмыс барысымен қала әкімі Марат Жүндібаев және депутаттар танысып қайтты.
Қостанайдың 145 жылдығына арналған қала күнін мерекелеу бағдарламасы жарияланды
Мерекелік іс-шаралар тізбегі 13-18 тамыз аралығына жоспарланып отыр. Қала күнін мерекелеу бүгін кешке “Мирас” шығармашылқ ұйымының көшпелі өнер алаңынан басталады. Бағдарламаның толық нұсқасымен төменде таныса аласыздар.
2026 жылы барлық елді мекен сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі
Облыста тұрғын саны аз 29 елді мекен интернетсіз отыр. 161 ауылда оның сапасы сын көтермейді. Қазіргідей техногендік дәуірде өңірлердің замана игілігінен тыс қалуы биліктегілерді де алаңдатып отыр.
Белсенді жастар марапатталды
Қостанай қаласының жастарына арналған Open Air көңілді шоу бағдарламасы ұмытылмас әсер қалдырды, қатысушылар мен көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.
Алаяқтан айла артылар емес
Қалада тіркелген әрбір үшінші қылмыс алаяқтық санатына жатады. Жыл басынан бері 667 қылмыс тіркелген. Күн сайын қаланың бес тұрғыны интернет алаяқтардың арбауына түсіп қалады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді
Жаңа оқу жылында еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 145 мың орынға дейін артты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың орынға көп. Осылайша, студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90%-ды құрады деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына бес жыл толды
Мекеменің облыстық филиалы өңірдегі автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптаманы қамтамасыз ету мақсатында құрылды.