Биылғы «Қазақстан барысына» палуандарды Іріктеу бәсекесінде былтыр финалда бақ сынаған қос жүйрік тағы жолықты. Алайда осы жолы арқалықтық Аслан Сағитбек жерлесі Алмас Жұмағалидан басымырақ түсті. Осылайша Аслан Сағитбек осы жолы сәтті өнер көрсетіп, «Қостанай қыраны» атанды.
Барынша қауіпсіздік сақталуы қажет
Биылғы мектеп оқушыларының жазғы демалысында 106 мың балаға ойын-сауық шараларын ұйымдастыру жоспарланған. Оған аймақ бюджетінен 556,6 млн теңге қарастырылып отыр. Облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ибраева өңір әкімдігінде өткен жиында осылай деді.
ШОҚТЫҒЫ БИІК ШОЛАҚСАЙ
Қостанай өңірінде Шолақсай ауылын білмейтін адам жоқ. Қырдың үстінде, тас жолға жақын орналасқан еңселі елді мекеннің тірлігі көз сүйсіндіріп, көңіл қуантады. Бұл ауылды тоқсаныншы жылдардың салқыны айналып өтті.
Мемлекеттік тілге жаңа бетбұрыс
Еліміздегі үздік брендке айналған кәсіпорындардың мемлекеттік тілге оң көзқарасы көңіл қуантып отыр. Қоғамның өзекті мәселесі болып келе жатқан осы бір кедергілерді жоюға «Варваринское» АҚ да кірісіп кетті. Таяуда аталған өндіріс орны қазақ тілін оқыту курсын тәлімгерлердің сайысымен аяқтады.
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады
26 мамыр сағат 17: 00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы бастау алады.
Облыс әкімдігінде кадрлық өзгерістер
Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап, ҚАЛМАҚОВ Ерлан Болатұлы Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, бұған дейін мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Қостанайда алғашқы конструктор-көлік тіркелді
Қостанайда Toyota маркалы автокөлік-конструктор заңдастырылды. Мұндай көліктер қосалқы бөлшек ретінде әкелінеді.
Қамыс өртінен эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды
Қостанайда қамыс пен шөптен шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, бұрын эвакуацияланған жақын маңдағы жеке сектордың тұрғындары үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бүлдіршіндердің айтар назы бар
Тобыл кентіндегі «Алтын дән» мәдениет үйінің кіребірісінде қолөнер бұйымдарының көрмесі тұр. Қарап шыққан адамға өте қызық. Ішінде не жоқ дерсіз, бәрі бар. Барлығы да қолдан жасалған. Қуыршақтар, картиналар, кілемшелер, тіпті ұлттық киімдер мен қазақша бас киімдер де ілулі тұр. Аралап жүріп, ұлттық нақышта тігілген оюлы бас киімді алып, киіп көрдім. Шап-шақ екен.
Бас жүлде – Федоров ауданы
Жастар сарайында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында 36-шы «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды.