26 мамыр сағат 17: 00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы бастау алады.
Облыс әкімдігінде кадрлық өзгерістер
Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап, ҚАЛМАҚОВ Ерлан Болатұлы Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, бұған дейін мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Қостанайда алғашқы конструктор-көлік тіркелді
Қостанайда Toyota маркалы автокөлік-конструктор заңдастырылды. Мұндай көліктер қосалқы бөлшек ретінде әкелінеді.
Қамыс өртінен эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды
Қостанайда қамыс пен шөптен шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, бұрын эвакуацияланған жақын маңдағы жеке сектордың тұрғындары үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бүлдіршіндердің айтар назы бар
Тобыл кентіндегі «Алтын дән» мәдениет үйінің кіребірісінде қолөнер бұйымдарының көрмесі тұр. Қарап шыққан адамға өте қызық. Ішінде не жоқ дерсіз, бәрі бар. Барлығы да қолдан жасалған. Қуыршақтар, картиналар, кілемшелер, тіпті ұлттық киімдер мен қазақша бас киімдер де ілулі тұр. Аралап жүріп, ұлттық нақышта тігілген оюлы бас киімді алып, киіп көрдім. Шап-шақ екен.
Бас жүлде – Федоров ауданы
Жастар сарайында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында 36-шы «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды.
Бас жүлде «Күлкі терапиясында»
Тобыл қаласын екі күн бойы думанға бөлеген сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» атты республикалық әзіл-сықақ театрының фестивалі өтті. Бұл байқау осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Байқаудың жылдағы мақсат, ұстанымы еш өзгермеген. Тек биыл арамызда қазылар алқасын бастаған Көпен Әмірбек ағамыз жоқ.
Мектеп, колледж түлектері және оқуға түсуді жоспарлаған азаматтар назарына!
Осы сенбі, 27 мамыр күні сағат 10:00-де орталық саябақтағы А.Байтұрсынұлы ескерткішінің жанында «Білім беру навигаторы» іс-шарасы аясында ЖОО және колледждердің қабылдау комиссиялары кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Іс-шараға қатыса отырып, сіз жоғары оқу орындары мен колледждердің қабылдау комиссияларын бір жерде және бір күнде аралап, оқу орнына түсудің барлық шарттары мен қажетті құжаттар, осы оқу орнында бар […]
Арқалықта көп балалы анаға баспана сыйлады
«Арқалық қоры» қайырымдылық қоры көп балалы анаға баспана сатып әперді. Бұл – құрылғанына көп бола қоймаған қордың сыйға тартып отырған бірінші пәтері.
Арқалықта «жайлы мектеп» салынады
Бүгінде 300 орындық жайлы мектептің құрылысына әзірлік шаралары басталып кетті. Қазіргі таңда жер учаскесі нақтыланып, аумақты тазарту және қоршау жұмыстары жүргізілуде. Мердігері — жергілікті құрылыс компаниясы «Алюминқұрылыс» ЖШС.