Мемлекеттік қызмет істері агенттігі заңға бірқатар өзгерітер енгізіп, жаңа тәсілдер әзірледі. Бұл мемлекеттік қызметке тұрудағы артық кедергілерді жоюға сеп.
Ана тілін өркендетудің тағы бір қадамы
Қостанайда қазақ тіліне шорқақ адамдарды сөйлеуге жаттықтыратын арнайы клуб жұмыс істейді. Үйлестірушілері Анель мен Ғайни бұл жобаны былтыр жаздан қолға алды. Кейін орын тапшылығы сезіліп, жұмысы уақытша тоқтады.
Жолды су бұзып кетті: Торғай-Шилі-Аралкөл тас жолы жабық
Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Жөндеу жұмыстары тоқтатылды
Облыстық балалар ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Нұрлан Ержанов журналистермен өткен брифингте хабарлады.
Балалардың жағдайы қалыпты
Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Шымкентте 14 баланың уланып қалуына байланысты жедел штаб құрылды. Арасында біздің облыстың балалары да бар. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ибарева Facebook-тегі парақшасына жазды.
Әлеуметті қолдау – назарда
Өңірде мұқтаж адамдарға қолдау көрсету мақсатында 3 мыңға жуық отбасына 300 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устинов мәлімдеді.
Өңірді думанға бөлеген би фестивалі
Ұлыстың ұлы күнінде Тобыл-Торғай төрінде бауырлас өзбек, қырғыз, татар, башқұрт елдерінен, Қазақстанның басқа өңірлерінен және Қостанай облысынан арнайы шақырылған би ұжымдары өнерлерін ортаға салып, қаламызды екі күн бойы думанға бөледі. Жастар сарайында “Наурыз достарын шақырады” IV халықаралық хореографиялық өнер фестивалі салтанантты түрде ашылып, облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев құттықтап, ақ жол тіледі.
Полиция департаментінде мереке күндері өңірде жедел қалыптасқан жағдай туралы айтылды
Мереке күндері Қостанай облысында 22 қылмыс ашылды. Оның ішінде бұрын жасалған 10 қылмыс бар.Мәселен, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы күдікті анықталды. Ол Қостанайдағы пәтерлердің бірінен ақша және зергерлік бұйымдарды ұрлап әкеткен. Шығын сомасы 1 млн 200 мың теңгені құрады. Ұрланған зат тәркіленді.
Олимпиада кезінде қостанайлық оқушылар уланып қалды
Бұл туралы Қостанай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «21 наурыздан бастап балаларға білікті медициналық көмек көрсетілуде, зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты», – делінген хабарламада.
Қазақстанда ит пен мысық асыраушылар үшін жаңа ереже бекітілді
Нормативтік құқықтық актілер сайтында “Үй жануарларын ұстау мен серуендетудің қағидаларын бекіту туралы” бұйрыққа түзетулер жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.