Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аян Зейнуллин өңірдегі түйткілді мәселелермен танысып, тұрғындармен кездесті. Ауылдарда жайылым жер мәселесі күйіп тұр. Сондай-ақ, жалдамалы пәтер құнының қымбаттауы, “Отбасы банкіндегі” “7-20-25” бағдарламасы бойынша ипотека алушылар тізімінің шектелуі және өзге де мәселелер бойынша жергілікті халық базынасын жеткізді.
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған байқау басталды (видео)
1 шілдеде үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.
Он күнге газ өшеді
Алдағы 1-10 тамыз аралығында Қостанай облысының барлық өнеркәсіп орындары мен жылу-энергетикалық компаниясына табиғи газ беру уақытша тоқтатылады. Себебі, аталған уақытта «Қарталы – Рудный» магистральдық газ құбырына жөндеу жүргізілмек.
Қарыздан қалай құтылады?
Қостанай облысы бойынша медициналық мекемелердің кредиторлық қарызы 3,5 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында тараған болатын.
Жанкелдин ауданында бірнеше жоба қолға алынған
Қазіргі уақытта Торғай ауылындағы «Балдырған» балабақшасына 300 млн-нан астам теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аудандық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне және асхана ғимаратына күрделі құрылыс үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл туралы Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов журналистерге өңірлік коммуникация орталығында айтып берді.
Қостанайда қала күні 4 күн тойланады
Қала күні 16 тамызда басталып төрт күн бойы тойланады. Негізгі мерекелер 18-19 тамыз аралығына жоспарланған.
1 қыркүйектен дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жалақысы өседі – Үкімет қаулысы
1 қыркүйектен бастап дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың жалақысын тағы да көтеру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Денсаулық пойызы» Арқалықта
Шалғайды аралап, халыққа медициналық көмек көрсетіп жүрген «Саламатты Қазақстан» денсаулық пойызы Арқалық қаласына келді.
Қостанай облысында NEET санатына кіретін 16 мың жас бар
Қазақстанда NEET санатына кіретін 420 мың жас бар. Статистика мәліметтері осыны көрсетіп отыр. Оларды жұмысқа тартып, қоғамға қалай бейімдеу керек? Тұрақты жұмыстан неге қашады? Қостанайда өткен үш күндік семинарда мамандар осы сауалдарға жауап іздеді.
10 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды
Биыл жыл басынан бері 10 488 қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 млн 117,6 мың қазақ оралған.