«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының XXXV есеп беру-сайлау конференциясында партияның облыстық филиалының төрайымы Бибігүл Аққожина «Жер аманаты» және «Ауыл аманаты» партиялық жобаларының ерекше маңыздылығын атап өтті.
Ұзынкөлдегі оқыс оқиғаға қатысты екі лауазымды қызметкер жұмыстарынан босатылды
Облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев Ұзынкөл ауданында болған оқиғаға байланысты пікір білдірді.
Қостанайлықтар Конституция күнін мерекеледі
Бейбіт те бақуатты өмірімізді қамтамасыз ететін Ата Заңды сыйлау – әр азаматтың айнымас борышы. Конституция күнін мерекелеудің мәні осында екенін ұққан халық Қостанайдағы жастар сарайына ағылды.
Арқалықта Конституция күні мерекеленді
Ата Заңымыздың мерекесі – барлық қазақстандықтар үшін ерекше маңызды.
Ең үздік отбасы анықталды
Алтынсариндік Ермагамбетовтер отбасы «Мерейлі отбасы 2023» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды.
47 жасында алғаш рет Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алды
Жітіқаралық Григорий Цымбалов құжаттарды айырбастау кезінде 1974 жылғы үлгідегі паспортты ауыстырған жоқ және осы уақытқа дейін жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Қамысты ауданының жаңа әкімі тағайындалды
Қазақстан Республикасының Конституциясы 87-бабының 4-тармағына сәйкес Қамысты ауданы мәслихаты депутаттарының келісімімен Қамысты ауданы әкімінің лауазымына Ерлан Әлімбайұлы Жаулыбаев тағайындалды.
Жітіқаралықтар қала күнін тойлады
Жітіқара ауданындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы жаңғыртудан өтті. Нысанға “Жігер” атауы беріліп, Жітіқара ауданының 95 жылдығына орай жергілікті спортсүйер қауымға үлкен сый болды. Стадионның таспасы дәл қала күні кесілді. Ашылу салтанатына алысты-жақыннан арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Экспедиция мүшелері Ахмет Байтұрсынұлының туған жеріне сапар шекті
Жуырда Рудный қалалық мәдениет бөлімінің әлеуметтік тапсырысымен «Қазақ тілі» қоғамының облыстық және Рудный қалалық филиалының ұйымдастыруымен бір топ экспедиция мүшелері Ахаң ауылына барып қайтты.