Қостанайда көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғасында жазылған синтетикалық есірткі туралы жарнамалар көбейіп барады. Осы олқылықтың алдын алу мақсатында Полиция департаменті 1000 бейнебақылау камерасын орнатпақ.
18 қыркүйекке дейінгі мәлімет: қостанайлықтар көш басында
«Ұлы дала жорығы» марафонына биыл қостанайлықтар алғаш рет қатысып, жақсы нәтиже көрсетуде. Кеше ғана жарыстың он екінші кезеңі өз мәресіне жетті.
Ерлік пен елдік – аламан айтыс арқауы
Халық батыры Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойы Батпаққара өңірінде дүркіреп өтті. Осы мерекедегі ең айтулы оқиғалардың бірі – «Ардагер Амангелді – ердің ері» атты республикалық ақындар айтысы. Елдің түкпір-түкпірінен аузымен құс тістеген айтыскерлер келіп қатысқан аты шулы аламан туралы ақпарат газетімізде бұған дейін де жарияланған еді. Бүгін сүлейлер сайысын тарқатыңқырап жазбақпыз…
СҚО-ға сапар: көрші өңірдегі іргелі істер көпке үлгі
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бес жылдың бедерінде елдің игілігіне айналған тың жобалар өз жемісін берді. Салыстырмалы түрде айтсақ, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан көршілес облыстан үйренер нәрсе жетерлік. Онда ауыл шаруашылығы саласы, әсіресе, сүт-тауарлы фермалар жобасы қарқынды дамыған. Кез келген кәсіпорын өнімді тереңдетіп өңдеуге бейімделген. Бұдан келер пайда шаш-етектен. Бүгінде қызылжарлық кәсіпкерлер осыған жете мән […]
Қостанай облысы әкімдігінің басқармаларына жаңа басшылар тағайындалды
Қостанай облысы әкімінің өкімімен Динара ИХЛАСОВА Қостанай облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Динара Мырзалықызы бұған дейін аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Қазақстандағы астық дағдарысы: үкіметке жедел тапсырма берілді
Сенат депутаттары Қазақстан үкіметін елдің астық егетін солтүстік өңірлерінде төтенше жағдай жариялауға шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда туды балконға ілуге рұқсат берілді
Жуырда үкімет мемлекеттік туды үйлердің қасбеті мен балконға ілуге рұқсат етті. Десе де қазақстандықтар үшін міндетті талаптар мен шектеулер бар. Оны сақтамағандар әкімшілік жауапқа тартылады. Бұл туралы sputnik.kz хабарлайды.
Ғалым киікке байланысты мәселе туралы: “Егер ет сатуды бастамасақ, жайылымнан өлексе жинайтын халге жетеміз”
Оралдық ғалым, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеттің ғылым жөніндегі проректоры Әлжан Шамшидин Қазақстанда киік санының күрт өсу проблемасын шешу керек деп есептейді. Өйтпеген жағдайда елде әртүрлі инфекциялық және паразиттік аурулардың туындау қаупі бар. Ал далада күн суытқан мезгілде жануарлар өлексесінен аяқ алып жүргісіз халге жетуіміз мүмкін. Бұл туралы BaigeNews.kz жазады.
Қазақстанда 45 аудан мен қала әкімдерінің сайлауы өтеді
45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау 5 қарашада өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанай ауданының жаңа әкімі азаматтарды қабылдады
Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде Қостанай ауданының әкімі Берік Таңжарықов Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Ол аудан тұрғындарының толғандырған мәселелеріне құлақ түріп, сауалдарына жауап берді.