Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызметінің гарнизонына жаңа заманауи 15 техника берілді. Қызметтік көліктер облыс аудандарына жөнелтілді. Кілт тапсыру салтанаты Қостанай қаласының №1 мамандандырылған бөлімшесінің аумағында өтті.
Елімізде автобус жүргізушілерін рейс алдында медициналық тексеруден өткізудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады. Аталған жүйе қан қысымын, жүректің соғу жиілігін, температураны өлшеу үрдісін автоматтандыруға бағытталып, қоғамдық көлікті есірткілік немесе алкогольдік мас күйінде басқарудың алдын алады.
Алты жасар бала терезеден құлап кетті
Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлайды. Оқиға Лисаков қаласында болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған бала бесінші қабаттың терезесінен абайсызда құлап түскен.
Еңбек және халықты қорғау министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды әзірледі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға сәйкес «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі. Бұйрықты қабылдау көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ескерту жариялады
ҚМА жалған шетел валютасын өткізу фактілерінің жиілеп кеткені туралы хабарлайды.
Қостанай облысында кассалық тәртіпті бұзған бизнес субъектілерінің үстінен 50 ден астам әкімшілік іс қозғалды
Бұл туралы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ел аумағында ақшалай есеп айырысулар салық төлеушілердің белгілі бір санатын қоспағанда, бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдана отырып жүргізілетінін еске салады.
Еңбек ардагері құрметке бөленді
Бүгін облыс әкімдігінде тәуелсіздік жылдары облыс экономикасын өркендетуге елеулі үлес қосқан еңбек ардагері Әлия Нұрышқызы Қайшарованың туғанына 70 жыл толуына байланысты сый-құрмет көрсетілді.
Оқушылар Алматыда өтетін олимпиадаға аттанды
Жетінші жыл «IQanat» білім беру қоры ауылдың 8-сынып оқушылары арасында ең ауқымды олимпиаданың 3-кезеңін өткізіп жатыр. Аудандық, облыстық, республикалық кезең бойынша мақсаты биік, ынталы балаларды іріктеп, олардың қалалық құрдастары секілді сапалы білім алуына тең дәрежеде жол ашпақ.
Қостанайда шілде айынан бастап заңды тұлғалар үшін электр энергиясы арзандайды
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бұл жұмыс Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі Үкіметке берген тапсырмасымен жүзеге асып отыр.
Қостанайда облыстық ҚХА ХХХІІ сессиясы өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Облыс орталығындағы ІQostanay оқушылар сарайында облыстық «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атауымен ҚХА қызметінің қорытынды есебін шығаруға арналған кезекті сессия жұмысы өтті.