Жастар денсаулық орталықтары – 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге және 18-29 аралығындағы жастарға репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі. Мұндай орталықтар емдік-профилактикалық көмек, сондай-ақ психоәлеуметтік және заңгерлік қызметтер көрсетеді. Республика бойынша 100-ден астам орталық құрылды.
Қостанайдың аттракциондары жаңартылады
Қаланы абаттандыру жұмыстары тоқтамайды. Ендігі кезек мәдениет және демалыс саябағында. Қалалық әкімдікте өткен жиында орталықтағы аттракциондардың жаңартылатыны айтылды.
86%-дан астам қазақстандық мектептерде инклюзивті білім алуға жағдай жасалған
Елімізде арнайы білім беру ұйымдарының желісі жыл сайын көбейіп келеді. Мектептердің 86%-дан астамы инклюзивті білім алуға жағдай жасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Жанұзақ Бейсенәлі: “Жоба да жоспар да көп”
Жанұзақ Бейсенәлі – Жітіқара өңіріндегі өндірісін өрге жүздірген табысты кәсіпкер. Бүгінде заманауи технологиямен жұмыс істейтін швед және орыс пештері орнатылған наубайханасында тәулік сайын төрт мың нан пісіп шығады. Жітіқара ауданымен қатар, көршілес Денисов, Қамысты аудандарының тұрғындарын ас атасымен қамтамасыз етіп отыр.
Қоқыс мәселесі: ТЖ жариялануы мүмкін
Қостанайда қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқысты шығару қордалы мәселеге айналып барады. Соңғы айларда тұрғындар шағымы тіпті жиілеп кетті. Қала әкімі Марат Жүндібаев жағдай осылай жалғаса берсе жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін екенін айтты.
Данияр Күзенбаев: «Біздің жұмысымыздың басты өлшемі – бизнеспен кері байланыс»
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев су тасқыны кезінде өңір кәсіпкерлеріне қандай көмек көрсетілгені және нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қалай жалғасып жатқаны туралы айтып берді.
Ұзынкөлде үш жүз орындық стадион салынады
Елді мекендерді ауыз сумен қамту өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде Ұзынкөл ауданында 32 елді мекеннің жетеуі орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Обаған ауылы «Мирас» ШҚ базасындағы кешенді су тазарту қондырғысы арқылы қамтылып отыр. Биыл да бірқатар ауылдар тіршілік нәрімен қамтылмақ. Осы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы облыстық коммуникациялар қызметі алаңында Ұзынкөл ауданының әкімі Марат Жұрқабаев айтып берді.
Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары Бауыржан Слямов Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Ел жағдайы басты назарда
Алтынсарин ауданында жағдай ана жылдармен салыстырғанда біршама тұрақталып келеді. Ауыл халқының тұрмыстық хал-ахуалына аса көңіл бөлініп, мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуы осы сөзімізді қуаттай түседі.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» стартап-проекттер конкурсында жеңіске жетті
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің «KazMentor» және «Onayoqu» командалары «Тәуелсіздік ұрпақтары» стартап-проекттер конкурсының финалын сәтті аяқтады.