“Иықтан шашы төгіліп жерге…” фотобайқауының жеңімпазы атанудан үмітті болып отырған қатысушылардың бірі –Таңшолпан Талғатқызы Қапсұлтан. Оның жасы 21-де. Жангелдин ауданы Аралбай ауылында тұрады. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының түлегі. Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет етеді.
№11. Сымбат Кенжеғали
“Иықтан шашы төгіліп жерге…” облыстық фотобайқауына Сымбат Кенжеғали есімді үміткер суреттерін жолдады. Ол 24 жаста. Жангелдин ауданының Торғай ауылында тұрады. 2 баланың анасы. Аудандық тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік тіл оқытушысы болып қызмет етеді.
№10. Гүлмира Мұхамеджанова
Гүлмира Ахметбекқызы Мұхамеджанова 27 жаста. Туған жері Ұзынкөл ауданының Обаған ауылы. Қазіргі таңда Алтынсарин ауданының Первомай ауылында тәрбиеші болып жұмыс істейді. Бұрымдылар байқауына қатысып отырған аруға сәттілік тілейміз!
№9 Алина Сұлтанбек
“Иықтан шашы төгіліп жерге…” фотобайқауының тағы бір кішкентай үміткері – Алина Сұлтанбек. Ол бұрымдылар сынына Жангелдин ауданынан қатысып отыр. Қолаң шашты Алина қыз Шұбалаң ауылында 8-сыныпта оқиды. Үміткеріміздің суреттеріне баға бере отырыңыздар!
№8. Салтанат Қуанышбекова
“Иықтан шашы төгіліп жерге” фотобайқауының келесі қатысушысымен таныс болыңыздар. Салтанат Қанатқызы Қуанышбекова бұрымдылар сынына Әулиекөл ауданы Лаврентьев ауылынан қатысып отыр. Жасы 24-те. Ол аталған елді мекенде бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі маманы болып қызмет етеді. Үміткерге сәттілік тілейміз!
№7. Қымбат Базар
Бұрымдылар байқауына Қымбат Мейрамбекқызы Базар есімді үміткер қатысып отыр. Ол Жангелдин ауданында дүниеге келген. Жасы 29-да. Қазір Қостанай қаласында тұрады. Қымбат 1 баланың анасы. Ол қолөнер түрлерімен айналысқанды жақсы көреді.
№6. Ванга Қарымсақова
Фотобайқаудың келесі қатысушысы – Ванга Тоқтарбайқызы Қарымсақова. Ол 31 жаста. Меңдіқара ауданының Теңіз ауылында тұрады. Туған жері – Жанкелдин ауданы. Қазіргі уақытта Теңіз негізгі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ванга 3 баланың анасы. Сүйікті ісі – кітап оқу, өлең оқу және балаларымен түрлі ойындар ойнау.
№5. Карина Болатқызы
Бұрымдылар байқауының тағы бір үміткері – Карина Болатқызы Ерғазина. Қостанай қаласының тумасы. Жасы 21-де. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 3- курсында оқиды. Болашақ қаржы саласының маманы. Каринаның суреттеріне баға бере отырыңыздар!
№4. Әмина Базарбаева
“Иықтан шашы төгіліп жерге” фотобайқауының келесі қатысушысы – Әмина Базарбаева. Ол 14 жаста. Қостанай қаласындағы №15 орта мектептің 7 “А” сыныбында оқиды.
№3. Томирис Тойғанбол
Томирис Бауржанкызы Тойғанбол да “Иықтан шашы төгіліп жерге” атты бұрымдылар байқауының жеңімпазы атанудан үмітті. Ол 2009 жылы 16 наурызда Жанкелдин ауданының Торғай ауылында туған. Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 9-сыныбында оқиды. Үздік оқушы, қатарының алды. Аудандық, облыстық олимпиадалардың жүлдегері. Арманы – мектепті үздік бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, туризм мамандығын алу, Қазақстан туризмін әлемдік деңгейге […]