Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде жаcөспірімдер арасындағы ММА жекпе-жегінен әлем чемпионаты өтті. Осы бәсекеде 120 келі салмақта ел намысын қорғаған қостанайлық Радомир Морозов чемпион атанды.
Тоба Өтепбаев – аламан айтыстың жеңімпазы
Торғай еліне өзінің ақындық өнерімен белгілі болған, еңбек сіңірген ұстаз, әнші, айтыскер ақын Құтжан Қанжығалиннің 120 жылдығына орай «Өнердің дарабозы — Құтжан ақын» атты аймақтық ақындар айтысында астаналық ақын Тоба Өтепбаев бас жүлдені еншілеп, 300 мың теңгені олжалады.
«Тобыл» келесі кезеңде
Футболдан конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың «Тобылы» Швейцарияның «Базель» командасына қарсы жауапты кездесуін өткізді.
«Тобыл» жеңісті жұлып алды
Футболдан конференция лигасы ойындарының екінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың «Тобылы» Швейцария елінің «Базель» командасымен кездесті.
Жітіқарада шағын футбол алаңдары ашылды
Бүгін Жітіқарада екі бірдей спорттық шағын футбол алаңы ашылды. Бірінші жалпы білім беру мектебінің айналасы мен төртінші шағын ауданындағы спорттық нысандардың ашылу салтанатына халық көп жиналды.
Қостанайлық Темірлан Ахметбеков – ағайынды Орал, Қорған Әйтеновтерді еске алуға арналған турнирдің күміс жүлдегері
Бұдан бұрын Қостанайда ағайынды Орал, Қорған Әйтеновтерді еске алуға арналған бокстан ірі турнир ұйымдастырылып жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Азия төрінде көк туымызды желбіретті
Моңғолия елінің астанасы Ұлан Батыр қаласында өткен Джиу-джитсудан әлем чемпионатында қостанайлық бапкер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлемнің бірнеше дүркін жеңімпазы Рамазан Құсайынов 94 келіде жеңіс тұғырынан көрінді.
Құптарлық жоба
Елімізде жастарды қолдау әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған мәселелер қатарында тұр. Осы орайда, оларды жұмыспен қамту және кәсіп ашуда көмек көрсету үшін бірнеше бағдарламалар да дайындалған. Сонау шалғайдағы Жанкелдин ауданында да бизнес бастаймын деген жастарға қолдау бар.
Қостанайлық жастар он үш жылда алғаш чемпион атанды
Қостанай балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2008 жылы туған тәрбиеленушілері футболдан ел чемпионы атанды.
Әулиекөлдік Альмира Жансүгірова «Жыл директоры» атанды
Жерлесіміз, Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Альмира Жансүгірова Алматы қаласындағы Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жыл директоры» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.