Өткен жылы елімізде 1 488 308 ҚР азаматының төлқұжаты дайындалған. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның негізі себептерінің бірі – балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі. Қазақстан Республикасының ең жас азаматының паспорт алғанына не бары 10 күн болса, ал құжат рәсімдеген ең үлкен азаматтың жасы 109-да болған.
Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды. Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды.
Президент Жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілді.