Осы жылдың 12 ақпанынан бастап букмекерлер мен тотализаторлар салық органдарына бәс тігу мәліметтерін ұсына бастайды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Арнаулы салық режимдері басқармасының басшысы Ерқанат Шымберген айтты.
«Өткен жылдың 12 желтоқсанында Салық кодексіне тиісті өзгертулер енгізілді. Өзгерістердің бірі – букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың мемлекеттік кірістер органдарына бәс тігу туралы мәліметтерді ұсыну міндеттемесі. Бұл мәліметтер ықпалдастырылған режимде беріледі. Яғни, салық органдары мен букмекерлік кеңселер арасында ықпалдастырылған өзара іс-қимыл болады. Букмекерлік кеңселерде аппаратық-бағдарламалық кешен бар. Онда бәс тігу, ұтысқа қатысушылар туралы барлық дерек тіркеледі. Осы деректердің бәрі салықтық әкімшілеу мақсатында мемлекеттік органдарға беріледі. Бұл түзету осы жылдың 12 ақпанынан бастап күшіне енеді. Содан кейін ықпалдастықтың тиісті ережесі, сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдарына берілетін мәліметтер құрамы бекітіледі. Жалпы, бұл ереже ықпалдастық тәртібін, сондай-ақ берілуі тиіс мәліметтер құрамы қарастырылады», – деді ол комитетте өткен брифингте.
Осы орайда ол ел тұрғындарының жеке деректерін мемлекеттік кірістер органдарына беру қаншалықты заңды екендігін айтты.
«Бұл деректер салықтық әкімшілеу мақсатында ғана пайдаланылады. Яғни, бұл ЖСН туралы бұл мәліметтер салықтық құпия саналмайды. Олардың құпиялылығы тиісінше заңнамалық актілермен қамтамасыз етіледі. Бұл мәліметтерді салық органдары ғана қолданады. Оны жария еткені үшін жауапкершілік бар», – деді Ерқанат Шымберген.