«Тобыл» футбол клубы шығыс мінберге – тегін билеттер ұсынып отырғанын хабарлады.
«Осы сенбіде бізді «Атырауға» қарсы матч күтіп тұр. Ойын 18:00-де «Орталық» стадионда басталады. Шығыс мінберге кіру тегін»,– деп жазады клубтың баспасөз қызметі.
Ал батыс мінбердің билеттерін мына сайттардан сатып ала аласыз: fctobol.kz және ticketon.kz.
Өз командаңызды қолдау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Стадионда кездескенше!