2 июня, 2025
Бүгін 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтіледі

Бүгін 1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтіледі

Бұл — еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен татулығының символына айналған маңызды мейрам. Қостанайда да мерекеге орай кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Облыс орталығында таңертеңнен бастап этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік шеру, концерттер, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі мен қолөнер көрмелері өтеді деп күтілуде. Қаланың басты алаңында түрлі этностар өз өнерін көрсетіп, ұлттық мәдениеттерін паш етпек.

– Бұл мереке – біздің елдегі бейбіт өмір мен өзара түсіністіктің жарқын көрінісі. Қостанайда әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір мүдде жолында еңбек етіп келеді. Бірлік пен келісім – біздің басты құндылығымыз, – дейді Қостанай қаласының тұрғыны Айгүл Төлегенқызы.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы да мерекеге белсенді атсалыспақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы мерекелік бағдарлама мазмұнды әрі жарқын болмақ. Балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық, мәдени шаралар мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылуы жоспарлануда.

– Бірлік күні – бұл тек мейрам ғана емес, халқымыздың ұлы мұратының айғағы. Біз бұл күнді жастарға патриоттық тәрбие беру, толеранттылықты насихаттау үшін тиімді пайдалануымыз керек, – деді облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары Ерлан Жақсылықов.

Осылайша достық пен татулықты дәріптейтін жарқын әрі шат-шадыман мейрам болмақ. Қостанай халқы бұл мерекені көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуға дайын.

Бахыт Исимбаева,

ҚӨУ студенті