Болашақты ойласақ, атом электр станциясы керек

Болашақты ойласақ, атом электр станциясы керек

Ең біріншіден, елімізде соңғы уақытта электр көзі тапшы болып барады. Мамандардың дабыл қағуы бекер емес. Неге десеңіз, электр көзін тікелей қажет ететін технология саны артып келеді. Оның ақыры қымбатшылыққа әкеп соғады.

Сол себепті, алдағы уақытта тапшылық көрмес үшін, алдын ала қамданғанымыз жөн деп санаймын. Ол үшін Атом электр станциясын салу дұрыс шешім деп есептеймін. Ядролық энергетикалық әлеуеті жоғары елдерге АҚШ, Франция, Қытай, Жапония, Ресей және Оңтүстік Корея жатады. Мамандардың зерттеуіне сүйенсек, Атом электр станциялары электр энергиясын өндірудің 64%-ға жуығы Францияға, Оңтүстік Кореяға 31%, Ресей мен АҚШ-қа 18%-ға жуығы, Қытайға 5% және Жапонияға 5,5% тиесілі.

Тіпті, Еуропа елдерінде жалғыз емес, оншақты АЭС бар. Ол ауаны да ластамайды, яғни, табиғатқа да, адамға да зияны жоқ. Осылайша, әлемде энергетикалық балансында атом энергетикасының үлесі 100 пайызға жететін бірде-бір мемлекет жоқ. Мамандар Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы 2035 жылға қарай елдің энергетикалық балансындағы атом энергетикасының үлесін 12%-ға дейін арттырады дейді.

Бұл ретте көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61%-дан 40%-ға дейін төмендейді. Жер асты қазба байлығы қазір бар, бірақ болашақта таусылатыны анық. Бір бір күнмен өмір сүрмеуіміз керек. Болашақты ойласақ керек дүние.

Орта ғасырда отырғандай, майшам жағып күн көрмейміз ғой. Оны үстіне қазіргі уақытта әлемде оған тең ең жоғары энергия көзі жоқ. Мысалы, былтыр Қазақстан Ресейден шамамен 100 млрд теңгеге 3,4 млрд кВт/сағ электр энергиясын импорттаған. Электр энергиясын сатып алудың орташа көтерме бағасы 1 кВт/сағ үшін шамамен 28 теңге екен.

Ал белгіленген жоспардан тыс сатып алу кезінде құн екі есеге артады, бұл оның қымбаттығына байланысты соңғы тұтынушылары тұрғындар мен бизнеске кері әсерін тигізеді. Осындай тұстарды ескерсек, АЭС елімізге қажет.

Хамит Есмұратов,
“Қазақ соқырлар қоғамы” ҚБ”
Қостанай облыстық ұйымыны филиалының төрағасы

Жаңалықтармен бөлісу